"BBC" АРНАСЫ ЖЕТІСУ ӨЛКЕСІ ЖАЙЛЫ 30 СЕКУНДТЫҚ ТҮСІРІЛІМ ДАЙЫНДАДЫ

Уақыты: 17.05.2020
Оқылды: 1383
Бөлім: ТҮПСАНА

Әлемге әйгілі "BBC" телекомпаниясы Жетісу жерінің керемет табиғаты жайлы 30 секундтық бейнеүзік түсірді.

Арнайы түсірілімде Жетісу жерінің Көлсай көлін, Бұрқанбұлақ сарқырамасын, Шарын шатқалын, "Алтынемел" ұлттық паркіндегі «Бесшатыр» қорғандарын, әйгілі Айғайқұм сынды көрікті жерлерді көруге болады.

Қысқа туындыда қазақ жері туралы: "Бұл көк аспанмен астасқан кең байтақ Қазақ даласы. Қандай керемет! Таудан құлай аққан сарқырама, күн сәулесі құшағына алған Ұлы Дала, тарихты қойнауына жасырған құмтөбелер мен шексіз адалдықтың айнасындай мөлдір таза өзен-көлдер. Мұндай сұлулықты басқа еш жерден кездестірмейсің. Қазақстан - қайталанбас таң шапағы», - деп суреттеледі.

Бейнежазба қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жарияланған. Айта кетсек, бейнеүзік Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан