Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

ҚАРИЯНЫ СКОТЧПЕН БАЙЛАП, 800 МЫҢ ТЕҢГЕСІН АЛЫП КЕТКЕНДЕР ҚҰРЫҚТАЛДЫ

Уақыты: 29.03.2021
Оқылды: 642
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Алматы облысында 82 жастағы қарияның 800 мың теңге ақшасы ұрланды. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Жәбірленуші бұл қомақты қаражатты өзінің жерлеуіне жинаған. Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған факт бойынша 29 жастағы бір-біріне туысқан әйел мен ер азамат ұсталды. Олар - Алматы қаласының тұрғындары. Сондай-ақ, екеуінің сыбайласы 41 жастағы Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны да күдікті ретінде қолға түсті.

Ұсталғандардың сөзінше, қарияда қомақты қаржы бар екенін күдікті әйел адам айтқан. Ол бұған дейін де тонау фактісі бойынша сотталған. Соның айтуы бойынша, екі ер адам электр маманы ретінде қарияның үйіне барып, 82 жастағы әйел адамды скотчпен байлап, шкафта тұрған ақшасын тонап кеткен. Қазір күдіктілер күзетпен қамауға алынды. Бұл іс ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 3-бөлігі, яғни, тонау дерегі бойынша тіркеліп, соталды тергеу жүріп жатыр.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан