ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНДА ӘЙЕЛІН ӨЛТІРГЕН ЕР АДАМ ТҰТҚЫНДАЛДЫ

Уақыты: 16.09.2021
Оқылды: 1162
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Алматы облыстық полиция департаменті Еңбекшіқазақ ауданындағы Үлкен Алматы каналынан әйел адамның мүрдесі табылғанын мәлімдеді.

Мәйітті тапқан ер адам бірден полицияға хабар берген. Жүргізілген тексеру барысында мерт болған әйелдің 37 жастағы Талғар қаласының тұрғыны екені анықталды. Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен әйелдің 48 жастағы күйеуі ұсталды.

- Ұсталған ер адам 6 қыркүйек күні әйелін өлтіріп, қылмысын жасыру үшін Үлкен Алматы каналына жеткізіп, лақтырып жібергенін мойындаған. Ал істің ушығуына ерлі-зайыптылар арасындағы жанжал себеп болған, - деді полиция өкілдері. Күдікті қазір қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"