Тарихи маңызы зор

Уақыты: 29.11.2016
Оқылды: 1991
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Гүлжиян СҮЛЕЙМЕНОВА,
“Құрмет” орденінің иегері,
ҚР мәдениет саласының үздігі,  «Кәсіпкер» журналының бас директоры: 

– Сенат пен Мәжіліс депутаттары бірлесіп қабылдаған тәуелсіздік Декларациясы еліміз үшін ерекше әрі маңызды құжат, оң шешім болды деп білемін. Қабылданған Декларация ел тарихында  болашақ ұрпаққа қалдыратын мұра болмақ.
Құжатта тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құру тарихына баға беріліп, осы бағыттағы миссияны Елбасының аса сәтті орындап шыққаны атап көрсетілген. 

Қазақстан үшін Тәуелсіздіктің жиырма бес жылы ілгерілеу мен орнықты дамудың кезеңі болды. Өз Тәуелсіздігінің 25 жылында Қазақстан экономикасы қарқынды дамыған, табысқа жетудің бірегей тәжірибесі бар саяси тұрақты мемлекет ретінде қалыптасты. Біздің елімізде экономикалық, саяси және әлеуметтік салаларда аса ірі өзгерістер жүзеге асты. Тәуелсіз Қазақстанның барлық жетістіктері мен жеңістері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тегеурінді және дана басшылығымен әрбір қазақстандықтың табанды да тынымсыз еңбегінің арқасында мүмкін болғандығы айтылады құжатта. Әрине, мұның бәрі ел болып құптарлық жайт. Осындай Көшбасшымыздың барын, Ұлы Дала елінің 25 жылдығындағы жетістігін неге ауыз толтыра айтпасқа. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген атам қазақ. Сондықтан барды бар, жоқты жоқ деп бағалайтын халық “Бағалай білгенге – бақ қонады, Қуана білгенге – құт қонады” дей тұра Мемлекет басшысының сындарлы саясатына оң бағасын беруі де заңдылық, тарихи шешім.    
Шын мәнісінде жетістігіміз бен ұлттық құндылығымызды жария ететін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы Декларациясының  құжат ретіндегі тарихи маңызы аса зор. Сондықтан мұндай құжат елдігіміз бен бірлігімізді келешек ұрпаққа дәріптеп, Мәңгілік Ел болудың жолында тынбай еңбек етудің маңызын түсіндіреді деген ойдамыз.