ТАЛДЫҚОРҒАН ТҰРҒЫНДАРЫ ЖЫЛУ ЖҮЙЕСІНЕ 144 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ҚАРЫЗ

Уақыты: 20.09.2020
Оқылды: 1150
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Талдықорғандықтардың жылу алдындағы қарызы 144 миллион теңгеге жетті. Бұл тек тұрғындардың жылу алдындағы берешегі болып отыр.

«2020 жылдың қыркүйегінде Талдықорған тұрғындарының жылу алдындағы қарызы 197 825 826 теңге болған. Оның 45 миллион теңгеден астамына сот шешімі шығарылған. 2 млн теңгеден астам қарызға арнайы келісім жасалды. Ал 6,5 млн теңге мерзімінен кешіктірілген қарыз. Жалпы, қазіргі күні талдықорғандықтардың «Талдықорған жылу сервисі» алдындағы қарызы 143 962 893 теңге», - делінген Талдықорған қаласы әкімі баспасөз қызметінің "Қазақпарат" тілшісіне берген мәлімдемесінде.

Ал Алматы облысында алдағы жылыту маусымының дайындық жұмыстарына 15,9 миллиард теңге бөлінді. Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оның ішінде жылумен жабдықтау нысандарын жөндеу үшін 6,0 миллиард теңге, көмір, мазут, дизель отынын сатып алуға 9,4 миллиард теңге, жылу жүйелерін жөндеуге және қажетті құрал-жабдық сатып алуға 538 миллион теңге, ал кәсіпорындардың өз қаражаттары есебінен 2,1 миллиард теңге қарастырылған.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"