МӘРТЕБЕЛІ МАМАНДЫҚ

Уақыты: 13.06.2024
Оқылды: 629
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Адамның денсаулығы мен өмірі қоғамдағы ең басты құндылық. Ұлтымыздың саулығы баға жетпес байлық! Бүгінгі таңда жұмыстарына жай ғана міндет деп қарамай халыққа жылы сөз арнап, көңілдерін көтеріп, қалтқысыз қызмет етіп, бүгінгі қоғам талабына сай адам баласының ұзақ өмір сүруіне дәрігерлік демеу көрсетіп жүрген жандар жетерлік.


Халықтың көңілінен шығып, игілігіне бөленіп келе жатқан ақ халатты абзал жан, медицина саласында көп жыл еңбек етіп жүрген №2 қалалық емханасы директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары, еңбек ардагері Бақыт Молдаханова барлық мақтауға лайық. Сондай-ақ, осы емхананың №1 учаскесінің дәрігері Ләззат Жамантукова, мейірбике Ләззат Ускенбаева жұмысқа нақты жауапкершілікпен қарағанының нәтижесінде науқастар шын жүректен тек алғысын айтуда. №2 емханасы күндізгі бөлім меңгерушісі Ботагөз Байтілеуова, дәрігер Арай Абдрахманова, медбике Жадыра Шаймерденова емханадағы күндізгі емделушілерге мұқият қарап, зор ілтипатпен тынбай еңбек етуде. 

Осыған орай алдағы келе жатқан Дәрігерлер күнімен барлық медицина қызметкерлерін мерекелерімен құттықтап, әрқашанда еңбектеріңіз табысты да жемісті болсын дегіміз келеді. Сіздердің адал, ізгі еңбектеріңіз үлкен құрметке лайық! Соған сəйкес құрмет көрсету – əрбіріміздің азаматтық борышымыз.

Ізгі ниетпен: еңбек ардагерлері – 
Болат ТОПАШЕВ,  
Қуаныш КҮНБОЛАТОВ,
Мұратхан ЕГІНБАЕВ, 
Асқарбек ИСАЕВ, 
Елемес ОРАЗБАЕВ