МАМАН КЕҢЕСІ. ЖАЗДА АЛЛЕРГИЯ ТУДЫРАТЫН ТОП-10 ЖЕМІС-ЖИДЕК

Уақыты: 17.06.2024
Оқылды: 1376
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

ОЛИМП КДЗ мамандары жаз мезгілінде адамдарда аллергия беретін жемістер түрін атады. Деректерге сай, 2023 жылы 1000-нан астам адамда бірқатар жемістер мен жидектерге аллергия анықталған.


ОЛИМП КДЗ-да аллергендерге IgE-гe тест қолжетімді.

Мамандардың айтуынша, аллергенді жеміс-жидектерге антирейтингтің көшінде банан тұр. 274 емделушіде нәтиже оң болды. Екінші орында - алма. Бұл жеміске аллергия 146 адамда анықталған. Алүшінші орында - апельсин. Әрі қарай антирейтингке маусымдық жемістер - шабдалы, мандарин, құлпынай, лимон, киви және шие кіреді. Ал Топ ондықтың соңғы орнында - жүзім тұр. Аллергия небәрі 30 адамда анықталды. Бұл ретте, маусымдық таңқурай мен қарбызға аллергия сәйкесінше 29 және 27 адамда анықталғанын айта кеткен жөн.

"Жемістерге аллергияның себептері әртүрлі болуы мүмкін. Бір жағынан, аллергияны жемістердің құрамындағы аллергенді ақуыздар тудыруы мүмкін. Екінші жағынан, аллергия осы ақуыздардың тозаң, латекс немесе басқа да жемістер сияқты басқа аллергендерге ұқсастығына байланысты пайда болуы мүмкін. Бұл ұқсастық иммундық жүйені шатастыруы және ол оларды қауіп ретінде қабылдауы мүмкін. Латекске аллергия тері, асқазан-ішек және ауыр жүйелік реакциялармен сипатталады. Латекске аллергиясы бар адамдарда жемістерге реакцияның даму ықтималдығы 30-50% құрайды. Сонымен қатар, жемістердің аллергенділігін, мысалы бананның тезірек пісуі үшін қолданылатын заттар сияқты, кейбір химиялық заттар жоғарылатуы мүмкін", - деп атап өтті ОЛИМП КДЗ бас директоры Ерлан Сулейменов. 

Сонымен қатар, жемістерге аллергияның пайда болуы әр адамда жеке ерекшеліктеріне де байланысты болады. Атап айтқанда, жасы, жынысы, басқа аллергиялардың болуына байланысты анықталған. Сонымен қатар, кейде нақты аллергенге тұрғылықты өңір аймақтар да әсер етеді.

Адамдарда жемістерге аллергия болған жағдайда АСИТ терапиясы (аллерген спецификалық иммунотерапия) емдеу ретінде тиімді болады. Бұл аллергия белгілерін азайтуға немесе толығымен жоюға, дәрі-дәрмектерге деген қажеттілікті азайтуға, жаңа аллергияның дамуына жол бермейді.

АСИТ - Divera медицина орталығында қолжетімді. Қызмет тері астына инъекциялар және сублингвальды тамшылар түрінде қолжетімді.

Аллергияны уақтылы диагностикалауға және емдеуге назар аудару керек екенін есте сақтаған жөн. Себебі ағзаның бұл реакциясы бронх демікпесінің және басқа да ауыр аурулардың дамуымен тығыз байланысты болады.