КОРОНАВИРУСТЫҢ ӨРШУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҮШТӨБЕГЕ ПОСТ ҚОЙЫЛДЫ

Уақыты: 22.11.2020
Оқылды: 1042
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Қаратал ауданының бас санитар-дәрігері Үштөбе қаласында әлемдік індеттің өршуіне байланысты жаңа Қаулы шығарды. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Жаңа Қаулы талабына сәйкес, Үштөбеде мобильді пост орнатылды. Аталмыш пост Үштөбе қаласына кіріп-шығатын адамдарды бақылап, дене қызуын өлшейді. Сонымен бірге, үй карантинінде жатқан адамдарды, олармен байланыста болғандарды қаладан тысқары шығармауды қадағалайды. Пост жұмысына полиция өкілдері, медицина қызметкерлері тартылған. Олар арнайы қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілген.

Үштөбеге кіру-шығу кезінде дене қызуы анықталған адамға дереу "Жедел жәрдем" қызметі шақырылып, ауруханаға тексеріске жіберіледі.

Қаулыда, әсіресе, Үштөбенің Достық аумағында карантиндік талаптарды қатаң сақтау міндеттелген.

Айта кетейік, бұл Қаулы Қаратал ауданында соңғы жеті күнде індеттің өршуіне байланысты қабылданып отыр. (көрсеткіші 1,4).

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан