СЕНСАЦИЯ. ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА ЕРЛЕДІ

Уақыты: 27.03.2023
Оқылды: 1013

Қазақстан құрамасы өз алаңында Дания құрамасын жеңді. Жарыс әдеттегідей іріктеу матчы аясында өтті.

Отандастарымыз жарыс басында 0:2 есебімен ұтылып жатты. Неге екені белгісіз, алғашқы таймда құрама ойыны мүлдем жүрмеді. Нәтижесінде даниялық шабуылшысы Хейлун айласын асырып, Ұлттық құрама қақпасына екі гол соқты.

Ойын екінші тайымда отандастарымыздың пайдасына шешілгендей болды. Адиев шәкірттері матч соңына қарай 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Ұлттық құрама сапынан гол соққандар: Бахтиер Зайнутдинов, Асхат Тағыберген, Абат Айымбетов.

 

Фото: ғаламтордан

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ