ЕЛЕНА РЫБАКИНА КӘСІПҚОЙ МАНСАБЫНДАҒЫ ЖЕКЕ РЕКОРДЫН ЖАҢАРТТЫ

Уақыты: 27.03.2023
Оқылды: 748

Қаратынан 10-шы жеңіс. Қазақстандық Елена Рыбакина кәсіпқой мансабындағы жеке рекордын жаңартты.

Бұл туралы 7-su.kz www.24.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. Ол қазір Майами қаласындағы WTA 1000 санатындағы турнирге қатысып жатыр және соңғы сында испаниялық  Паула Бадосаны ұтқан болатын.

Айта кету керек, Рыбакина әлемдік рейтингте 7-ші, ал Бадоса 29-шы тұр. Соған қарамастан кездесу өте тарысты өтті. Қорытынды есеп: 3:6, 7:5, 6:3.Енді ол келесі кезеңде бельгиялық Элизе Мертенспен кездеседі. Майами қаласындағы жарыс 2-ші сәуірге дейін жалғасады. Сәйкесінше, Рыбакина жеке рекордын тағы бірнеше мәрте жаңарта алады.

Бұған дейін оның ең үздік көрсеткіші – қатарынан 7 жеңіс болатын. Бұған қоса, Елена жеке табысына қатысты да рекорд орнатуы мүмкін. Жыл басынан бері ол 2 миллион 500 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы ұтып алды. Ұлттық валютаға шаққанда бұл шамамен 1 миллиард 130 миллион теңгеге жуықтайды.