ЖЕҢІЛІП КӨРМЕГЕН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОКСШЫ ЖАННЫҢ КЕЛЕСІ ЖЕКПЕ-ЖЕГІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ ШЫҚТЫ

Уақыты: 28.03.2023
Оқылды: 796

Ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Жан Кособуцкийдің келесі жекпе-жегіне қатысты тың ақпарат шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Белдігі болғандай, Жан Кособуцкий маусым айының 3 жұлдызында шаршы алаңға көтеріледі. Ол Германияның Дюссельдорф қаласында өтетін бокс кешінде өнер көрсетпек.

Ауыр салмақта бақ сынап жүрген 34 жастағы отандасымыздың бұл реттегі жекпе-жегі 12 раундқа созылмақ. Қарсыластың есімі әзірге нақтыданбаған.

Айта кетейік, Жан осы уақытқа дейін кәсіпқой бокста 19 мәрте жеңіске жетіп , оның 18-ін мерзімінен бұрын аяқтаған. 

Фото: ғаламтордан

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ