ШАВКАТ РАХМОНОВҚА АТ МІНГІЗДІ

Уақыты: 28.03.2023
Оқылды: 958

UFC-де өнер көрсететін қазақстандық Шавкат Рахмоновқа ат мінгізді 

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы  Vesti.kz дерегіне сүйеніп хабарлайды.

Желіде спортшыға шапан жауып, астына ат мінгізген видео тарап жатыр. Осыған байланысты бұл әрекетті құптап, қазақтың дәстүрі екенін айтып жатқандар көп. Даңқты спортшыны "әбден лайық" дегендер де бар. 

Сонымен қоса, видеодағы жазбада атты Астананың ат спорты федерациясы тарту еткені айтылған. 

Фото: ғаламтордан

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ