Бейбіт Жұқаев Мексикадағы турнирдің негізгі кезеңіне шықты

Уақыты: 01.08.2023
Оқылды: 714

Қазақстандық, әлемнің 258-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Лос-Кабос (Мексика) ATP 250 турнирінің іріктеу сайыстарын сәтті өткізді.

Қазақстандық теннисші алдымен 18 жастағы мексикалық Лука Лемайтрені 7:6 (11:9), 6:4 есебімен ұтты.

Жұқаев іріктеу сайыстарының финалында бүгін америкалық Киган Смитті бір сағатқа жетпейтін уақытта оңай жеңді – 6:3, 6:1. Осы бәсекеде ол 11 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.

Осылайша, Бейбіт Жұқаев негізгі турнирге жолдама алды.

Грекиялық Стефанос Циципас бірінші ракетка болып тіркелген Лос-Кабос жарысы 5 тамызда мәресіне жетеді.

 

Сурет: ktf.kz

Zakon.kz.