UFC-ДЕГІ АЛҒАШҚЫ КЕЗДЕСУІНДЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ (+ВИДЕО)

Уақыты: 06.08.2023
Оқылды: 1223

Нэшвиллде (Теннесси, АҚШ) аралас жекпе-жектен UFC on ESPN 50 турнирінде жеңіл салмақта дебют жасаған қазақстандық Асу Алмабаев жеңіске жетті. Ол екінші раундта қарсыласы ямайкалық Оде Осборнды тұншықтыру әдісін пайдалану арқылы ұтты, - деп жазады 7su.kz желілік басылымы. 


Турнирдің бірінші кездесуінде 29 жастағы қазақ файтері добюттік жекпе-жегін өткізіп, мерізімінен бұрын аяқтады. Бұл жөнінде әлемнің белгілі мамандары жақсы пікір айтып, әлеуметтік желіде жеңісін жарыса жазуда. Ал жеңіске жеткен азаматтың өзі болса Instagram желісіне «Шүкір, баршаңызға Аллаһ разы болсын Қазақ елім. Пришел! Увидел! Задушил!» деп жазды.

Жекпе-жектен кейін октагон ішінде сөз сөйлеген Асу Алмабаев 2025 жылы UFC лигасында чемпион болуды мақсат тұтқанын айтты.

Бұл Асудың ережесіз жекпе-жектегі сегізінші жеңісі. Ал қарсыласы Осборн алтыншы рет жеңіліп отыр (UFC –де 8 кезедсу өткізіп, 4 жеңіс, 4 жеңілісі бар).