ТОПТЫҚ КЕЗЕҢДЕ ОЙНАЙТЫН ЖАЛҒЫЗ КОМАНДА

Уақыты: 09.09.2023
Оқылды: 872

Еліміздегі белді, беделді командалардың Еурокубоктағы жорығына үмітпен сенімді арқалап отырған жанкүйерлердің дегені болды. «Астана» Конференция лигасының плей-офф кезеңінде албандардың «Партизандарымен» ойнап, екі кездесудің қорытындысы бойынша 2:1 есебімен жеңді. Енді «Астана» Конференция лигасының топтық кезеңінде ойнайды.

Қазақстандық клубтардың ішінде «Астана» Чемпиондар лигасының, Еуропа лигасының және Конференция лигасының топтық кезеңінде ойнаған алғашқы әрі жалғыз команда болып тарихқа аты жазылары анық. Биыл «Астана» еурокубоктағы ойынын чемпиондар лигасының іріктеуінен бастаған. Ол жақта «Динамо Загребпен» ойнап, екі ойынның нәтижесі бойынша 0:6 есебімен ұтылды.

Одан кейін Еуропа лигасының іріктеуіне төмендеп, болгарияның «Лудогорец» командасынан 3:6 нәтижесімен жеңілді. Төмендей келе Конференция лигасының плей-офф кезеңінде ойнап, «Партизандарды» қос матчтың қорытындысы бойынша 2:1 есебімен ұтты. Бірінші «Астана аренада» болған кездесуде жартылай қорғаушы Степан Лончардың голы ойындағы жалғыз гол болса, қарсы кездесуде Марин Томасов есепті теңестіріп, жалпы екі ойындағы жеңісті сыйлады. Ал «Астананың» топтағы қарсыластары Монакада өтетін жеребе тарту рәсімінде белгілі болады. «Астанадан» бөлек еурокубоктарда ел намысын қорғаған «Тобыл», «Ақтөбе» және «Ордабасы» клубтарының жолы болмады.  

Серік Қантай