Мерекелік медальдармен марапатталды

Уақыты: 10.09.2023
Оқылды: 707

Талдықорған қаласындағы “Салтанат сарайында” Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің 30 жылдығына орай салтанатты жиын өтті. 

Жиынға қатысушыларды Жетісу облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ұлан Ғалымұлы Рысқұл  құттықтап, еңбектеріне табыс тіледі.
    
Жиынның мәртебелі қонағы, даңқты боксшы 2012 жылғы Олимпиада чемпионы, Баркер Кубогының иегері Серік Сапиев те сөз сөйледі.

Серік Жұманғалиұлы барша спорт мамандарын осы айтулы датамен құттықтады. Жиын барысында басқа да спорт ардагерлері сөз алып, олимпиадалық табыстарымызға тоқталды. 

Бір топ Жетісулық ардагер спортшылар, жаттықтырушылар Ұлттық Олимпиада комитетінің 30 жылдық мерекелік медальдарымен және Алғыс хаттармен марапатталды.

Алуа Оспанжан