Юлия Путинцеваның қарсыласы ойын кезінде есінен танып қалды (Видео)

Уақыты: 21.09.2023
Оқылды: 763

Гуанчжоуда өтіп жатқан WTA 250 турнирінде оқыс жағдай тіркелді. Қазақстандық теннисші Юлия Путинцеваның қарсыласы Клара Таусон ойын кезінде есінен танып қалды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Екінші сеттен кейін дат қызы медициналық үзіліс алды. Ал үшінші партия басталған сәтте Клара екі рет қателесті. Артынша кортқа есінен танып құлады. 

Дәрігерлер теннисшіге көмек көрсетіп, ойын алаңынан арнайы арбамен алып кетті. Нәтижесінде жарыстан шығып қалды. Ойын кезінде Гуанчжоуда 30 градус ыстық болған. 

WTA рейтингінде 81-орында тұрған Юлия Путинцева келесі ойынын неміс қызы Татьяна Мариге қарсы өткізеді. Ол жарыстағы фаворит спортшылардың бірі.

Фото: видеодан скрин