Азияда: Қазақстанға сегізінші алтынды каратэ шебері сыйлады

Уақыты: 05.10.2023
Оқылды: 921

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында каратэ спортынан алғашқы алтын түсті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Каратэден 75 келі салмақта Токио Олимпиадасының қатысушысы, әлем чемпионатынының 2 мәрте қола жүлдегері Нұрқанат Әжіқанов жеңіске жетті. Ол финалда Хасан Масарвехті (Иордания) 8:0 есебімен ойсырата ұтты.

Оған дейін отандасымыз жартылай финалда малайзиялық спортшыны 4:3 есебімен, ширек финалда Махаммед Шекху Аламды (Непал) 5:0 есебімен , 1/8 финалда қырғыз спортшысы Назым Нұрлановты 3:1 есебімен  жеңген.

Бұл – Қазақсттаның сегізінші алтыны. Осының алдында  велоспорттан Евгений Федеров және джиу-джитсудан  Нұржан Батырбеков топ жарған.