Азиада жүлдегерлері қанша сыйақы алады?

Уақыты: 09.10.2023
Оқылды: 715

Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындарында топ жарған спортшылар медалі үшін қанша сыйақы алатыны белгілі болды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Zakon.kz жазуынша, Азиада жеңімпаздары 10 000 доллар, күміс жүлдегерлер 5 000 доллар, қола жүлдегерлер 3 000 доллар алады. Жаттықтырушыларға  5 000, 3 000 және 2 000 доллар беріледі.

Командалық жарыстарға қатысқан спортшыларға жеке төлемдер қарастырылған.

Қазақстан биылғы Азия ойындарында 80 медаль жеңіп алды: 10 алтын, 22 күміс, 48 қола.

Азия ойындарында Қазақстан қоржынына соңғы медальді Мөлдір Жаңбырбай cалды.