Футзалдан Қазақстан құрамасы камбэк жасап, Әзербайжанды 3:2 есебімен жеңді

Уақыты: 12.10.2023
Оқылды: 857

Астанада 2024 жылғы әлем чемпионатының А кіші тобында 4-ші кезеңнің іріктеу матчы өтіп, қазақстандық футзалшылар Әзербайжан құрамасын 3:2 есебімен ұтты. Осылайша, қазақстандықтар 2024 жылы Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатында ойнау үшін үлкен қадам жасады.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Zakon.kz сайтының дерегіне сүйеніп хабарлайды.

Алаң иелері бір апта ішінде екінші рет қатарынан әзербайжандықтарды ұтып отыр. 6 қазанда Бакуде Кака шәкірттері Әзербайжан құрамасынан 4:2 есебімен басым түсті.

Голдар:

  • 4 минутта Амадеу (0:1);
  • 8 минутта Эвертон Кардозо (0:2);
  • 13 минутта Лео (1:2);
  • 18 минутта Біржан Оразов (2:2);
  • 22 минутта Дуглас Джуниор (3:2).

Кака шәкірттері келесі ойынын 14 желтоқсан күні Нидерланд құрамасына қарсы өткізеді.

Сурет: instagram/kff_team_futsal