Пара Азия ойындары: Қазақстан қоржынына екінші алтын түсті

Уақыты: 23.10.2023
Оқылды: 836

Ханчжоудағы Пара Азия ойындарынан Қазақстан құрамасының қоржынына екі алтын түсті, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап.

Пара дзюдодан  48 келі салмақтың J2  санатында бақ сынаған Ақмарал Науатбек топ жарды. Көзі нашар көретін Ақмарал пара дзюдодан Азия ойындарында чемпион атанған алғашқы қазақ спортшысы атанды. 

Отандасымыз Ханчжоу татамиін де алдымен жапон қызын, сосын Үндістан спортшысы иппонмен жеңді. Финалда қытай қызынан басым түсті.

Ал Әнуар Сариев 60 келіде қола медаль алды.

Сондай-ақ, пара пауэрлифтер Давид Дегтярев те алтын жүлде сыйлады.

Ол 54 келі салмақ дәрежесінде бақ сынап, 187 келіні көтерді.

Тағы оқыңыз: Пара Азия ойындары: Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті