Жәнібекке нақты әрі мықты қарсыластар ұсынылды

Уақыты: 24.10.2023
Оқылды: 858

Британиялық журналист Бен Смит Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) алдағы айқаста кіммен жұдырықтаса алатыны туралы ойын айтты. 

"Әлімханұлы әр жекпе-жек сайын қосып келеді. Винченцомен айқаста ол керемет бокс көрсетті. Қарсыластың жеңілуі уақыт еншісінде ғана екені көрініп-ақ тұрды. Мүмкін төреші асығып жекпе-жекті ертерек тоқтатып қойған болар. Дегенмен бұл үшін оған мін тағудың керегі жоқ. Өйткені ең бастысы - ол спортшының денсаулығы, ал рингтегі төреші жағдайды бәрінен жақсы байқай алады. Жәнібек ерте ме, кеш пе қарсыласын бәрібір нокаутқа түсірер еді. 

Енді алдағы жекпе-жектерге қатысты, Чарло мен Лара мүмкіндік тұманды. Қазақстандық боксшы жақын арада титул біріктіретін тағы бір айқас өткізе алмайды. Қазіргі таңда нақты қарсыластар іздеу керек. Мәселен, Адамес немесе Ұлыбританияда жекпе-жек өткізуге болады. Хамза Шираз бен Феликс Кэш - басқа мүмкін қарсыластар жанында дұрыстау көрінеді. Оның үстіне географияны әрдайым кеңейту қажет", - дейді Смит.