Шавкат Рахмонов ресми түрде UFC рейтингінде көтерілді

Уақыты: 24.10.2023
Оқылды: 809

Қазақстандық аралас жекпе-жек файтері Шавкат Рахмонов (17-0) UFC рейтингінде көтерілді.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Prosports.kz сайтының дерегіне сүйеніп хабарлайды.

Жартылай жеңіл салмақтағы UFC жаңартылған рейтингінде Рахмонов бесінші орында. Қазақстандықтың келесі қарсыласы Стивен Томпсон (17-6-1) алтыншы орынға көтерілді.

Естеріңізге сала кетейік, өзгерістер Әбу-Дабиде (БАӘ) өткен UFC 294 турнирінен Хамзат Чимаев жартылай орта салмақтағылар рейтингінен шығарылғаннан кейін болды.

Фото: ашық дереккөзден