Мәжіліс депутаты Пара Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды

Уақыты: 26.10.2023
Оқылды: 752

Қазақстандық велоспортшы Кенжеғұл Сейітжан Ханчжоуда өтіп жатқан Пара Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы. 

Әртүрлі уақытта басталатын жекелей сында отандасымыз үшінші нәтиже көрсетті. Ол 25:19.49 уақыт көрсеткішімен қашықтықты бағындырды. Оңтүстік Корея және Индонезия елі параспортшыларынан кейінгі жоғары нәтижені көрсетті. 

Бұл Пара Азия ойындарында Қазақстан қоржынына түскен 32-ші медаль. 

Айта кетейік, Кенжеғұл Сейітжан "Қазақстан халық партиясы" атынан тағайындалған VIII шақырылымдағы ҚР Мәжіліс депутаты.