«Қуаныш» волейбол командасы Қазақстан кубогін жеңіп алды

Уақыты: 01.11.2023
Оқылды: 551

Талдықорған қаласында волейболдан әйелдер командалары арасында ҚР кубогі ойындары мәресіне жетті, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Бас жүлде үшін соңғы матчта Азамат Есімов жаттықтыратын «Қуаныш» (СҚО) пен «Алматы» командасы (бас бапкері Рафаэль Гилязутдинов) алаңға шықты.

Біршама тартысты өткен матчта «Қуаныш» қарсыласын 3:1 (25:15, 25:8, 26:28, 25:13) есебімен ұтып, ел кубогіне қол жеткізді.

Валерий Шиндов баптайтын талдықорғандық «Жетісу» клубы үздік үштікке ілікті. Олар түркістандық «Тұранды» (бас жаттықтырушы Асқар Шалқыбеков) 3:0 (25:11, 25:23, 25:23) есебімен жеңді.

Биыл командалар сапында елеулі өзгерістер болды. Мысалы, жұлдызды ойыншылар жиналғанына қарамастан, талдықорғандықтар жартылай финалда «Қуанышқа» есе жіберді.

Фото: "Қуаныш" клубының instagram парақшасынан