Елена Рыбакина әлемдегі ең бай теннисшілер тізіміне енді

Уақыты: 09.11.2023
Оқылды: 560

Қазақстандық теннисші, 2022 жылға қарағанда, биыл 2 миллион долларға көбірек пайда тапқан, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Metaratings мәліметінше, ең табысты теннисші – Ига Швентек. Кейінгі жарыста жеңіске жеткен Швентек 9,86 млн доллар пайдаға кенелген.

Қорытынды турнирге дейін табыстар бойынша рейтингте белорус Арина Соболенко көш бастап тұрған, алайда Канкундегі жеңіс Игаға 3 млн доллардан астам пайда әкелді. Белорус қызы 8,2 млн доллармен екінші орынға жайғасты. Сөйте тұра өткен жылғымен салыстырғанда шамамен 6 млн доллар артық табыс тапқан.

Алғашқы бестікке Коко Гауфф (6,67 млн), Джессика Пегула (5,97 млн) және Елена Рыбакина (5,49 млн) енген.

Айта кетейік, былтыр қазақстандық теннисші 3,57 млн доллар қаражатқа иелік еткен.

Дереккөз: BasSport.kz.
Фото: 
Liter.kz