ДУШАНБЕДЕ КҮМІС АЛДЫ

Уақыты: 04.05.2024
Оқылды: 341

Тәжікстан астанасы Душанбеде өтіп жатқан дзюдодан Grand Slam турнирінде Мағжан Шамшадин күміс жүлдегер атанды.


60 келі салмақта сынға түскен Шамшадин финалда Тәжікстан құрамасының өкілі Мұхаммедсалех Куватовпен алтын үшін күресіп, жеңіліп қалды.

⏺ Бүгін татамиге шыққан басқа үш спортшымыз жарысты жүлдесіз аяқтады.