Әуесқойдан шеттелген қазақ боксшы кәсіпқойдағы алғашқы айқасында жеңіске жетті

Уақыты: 19.02.2024
Оқылды: 344

Қазақстандық Саматәлі Төлтаев Түркия астанасы Ыстамбұлда өткен бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Төрт раундтық жекпе-жекте Саматәлінің қарсыласы жергілікті боксшы Рефик Тархан (3-4, 1 КО) болды. Бұл кездесуде қазақстандық боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жетті. 

Еске салайық, былтыр әуесқойда өнер көрсетіп жргенінде Саматәлі Төлтаевтың қанынан оралтуринабол анықталып, ол жарыстардан үш жылға шеттелген болатын. 

Саматәлі - 2022 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері. 60 келіде салмақ көрсетіп жүрген Төлтаев 2023 жылы сәуірде құрамадан шығарылып, Ташкентте өткен ӘЧ-ге бара алмай қалды. 

Фото: sports.kz