Велотректен Азия чемпионаты: Ел қоржынына екінші медаль түсті

Уақыты: 23.02.2024
Оқылды: 314

Үндістан астанасы Делиде өтіп жатқан велотректен ересектер арасындағы 43-ші Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына 2-медаль түсті. 

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, топтан тыс қалу жарысында Рамис Дінмұхаметов қола жүлдеге ие болды.

Осы бағдарламада әйелдер арасында Ұлттық құрама көшбасшысы Рината Сұлтанова жүлдеге бір табан жетпей, жарысты 4-орынмен аяқтады.

Ал спринтте Дмитрий Резанов мәреге 10-шы, Андрей Чугай 13-болып жетті.

Айта кетейік, Рамис былтыр Малайзияда өткен сары құрлық додасында жекелей сында күміс, командалық жарыста қола медаль жеңіп алған болатын. Сосын, Ханчжоуда өткен жазғы Азия ойындарында «мэдисон» бағдарламасында Артем Захаровпен жұптасып, қола жүлдегер атанған еді.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қазақстан құрамасы аталған додадан бір қола медаль жеңіп алғанын.

Фото: ҚР Спортты дамыту дирекциясы