Александр Недовесов Мексикада жарыстың 1-ракеткасын ұтып, жартылай финалға шықты

Уақыты: 23.02.2024
Оқылды: 339

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Александр Недовесов Лос-Кабос (Мексика) ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты.

Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге ширек финалда осы жарыстың 1-ракеткалары, ұлыбританиялық Нил Скупски – мексикалық Сантьяго Гонсалесқа қарсы келді.

Бірінші партияда ұлыбританиялық-мексикалық жұп 6:3 есебімен басым түскенімен, А.Недовесов – Г.Эскобар камбэк жасай алды – 7:6 (7:2), 10:6.

Бір сағат 50 минутқа созылған тартысты матчта қазақстандық-эквадорлық дуэт 1 эйс, 2 брейкке (4 брейк-пойнт) қол жеткізді. Қарсыластары 4 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.

Александр Недовесов – Гонсало Эскобар финалға шығу үшін тағы бір мексикалық Мигель Анхель Рейес-Варела – аргентиналық Гвидо Андреоццимен таласады. 

Фото: ktf.kz