Тоғызқұмалақтан ел чемпиондары анықталды

Уақыты: 26.02.2024
Оқылды: 379

Алматы қаласында төл ойынымыз – тоғызқұмалақтан ерлер және әйелдер арасында классикадан жекелей Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті.

Бір аптаға созылған тартысты дода Алматы төрінде, ҚР Орталық мемлекеттік мұражайында ұйымдастырылды.

Жалпы сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 130-дан астам тоғызқұмалақшы қатысып, өзара мықтыны анықтады. Бұл біріншілікте Әсел Дәлиева, Ғалымжан Темірбаев, Жанат Каймулдин сынды әлем чемпиондары да бақ сынады.

Айта кетейік, бұл чемпионат алдағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары мен әлем чемпионатына іріктеу сайысы ретінде өтті.

Аталған біріншілікте ерлер арасында бас жүлдені қызылордалық Бексұлтан Бостандықов жеңіп алса, екінші орынға қарағандылық Асылхан Қожанәсіп ие болды. Ал үздік үштікті Батыс Қазақстан облысынан келген Дархан Ануарбеков пен астаналық Ерсұлтан Әуелбай өзара бөлісті.

Әйелдер арасында чемпиондық атаққа ақтөбелік Мөлдір Серікқызы ие болды. Екінші орынды әлем чемпионы түркістандық Асел Дәлиева жеңіп алса, үшінші орындарға қызылордалық ойыншы Ұлдана Маханбетамин мен қарағандылық Аңсаған Қожанәсіп қол жеткізді.

Осылайша жалпы есепте 1-орынды Қызылорда облысы, 2-орынды Ақтөбе облысы, 3-орынды Түркістан облысы иеленді.

Фото: Павлодар облысының тоғызқұмалақ федерациясы