Қазақстан футбол құрамасының кеңейтілген құрамы жарияланды

Уақыты: 27.02.2024
Оқылды: 309

Қазақстан футбол құрамасы Ұлттар лигасының жартылай финалында Грекиямен өтетін матчқа дайындық аясында кеңейтілген құрамды жариялады.

Қазақстан футбол федерациясынан мәлім еткеніндей, оқу-жаттығу жиыны 8 наурызда Дубайда басталады. Ойыншылардың нақты тізімі кейін белгілі болады.

Жалпы тізімге 33 футболшы енгізілді.

Қақпашылар: Игорь Шацкий — «Ақтобе», Бекхан Шайзада — «Ордабасы», Данил Устименко — «Қайрат», Александр Заруцкий — «Астана»;

Қорғаушылар: Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат Быстров, Тимур Досмағамбетов — бәрі «Астана», Еркін Тапалов, Роман Асранкулов, Руслан Валиуллин — бәрі «Тобыл», Сергей Малый, Темірлан Ерланов — екеуі де «Ордабасы», Бағдат Қайыров, Әділхан Таңжарықов — екеуі де «Ақтобе», Нұралы Әліп — «Зенит» (Ресей), Александр Зуев — «Арсенал» (Тула, Ресей), Лев Скворцов — «Химки» (Ресей);

Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов, Максим Самородов, Арман Кеңесов — бәрі «Ақтобе», Абзал Бейсебеков, Исламбек Қуат — екеуі де «Астана», Асхат Тағыберген, Самат Жарынбетов — екеуі де «Ордабасы», Әділет Садыбеков — «Қайрат», Ислам Чесноков — «Тобыл», Бақтиер Зайнутдинов — «Бешикташ» (Түркия);

Шабуылшылар: Владислав Прокопенко, Рамазан Кәрімов, Эльхан Астанов — бәрі «Астана», Иван Свиридов — «Елімай», Абат Айымбетов — «Адана Демирспорт» (Түркия).

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы наурыз айында 2024 жылғы Еуропа чемпионатына жолдама үшін таласады. Грекиямен матч 21-інен 22 наурызға қараған түні Афиныда өтеді.

Фото: pexels.com