Күрес түрлерінен Азия чемпионаты: Соңғы жарыс күні кімдерге сенім артамыз

Уақыты: 16.04.2024
Оқылды: 199

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионаты бүгін мәресіне жетеді. Соңғы жарыс күні грек-рим күресінен бес балуанымыз ел намысын қорғайды.

Атап айтсақ, бүгін 60 келі салмақта Ғалым Қабдунасыров, 67 келі салмақта Алматбек Аманбек, 72 келіде Николай Хапко, 82 келі дәрежесінде Евгений Поливадов және 97 келі салмақта Юсуф Мациев сынға түседі.

Естеріңізге сала кетсек, аталған күрес түрінен кеше бес балуанымыз ел намысын қорғап, оның үшеуі жүлделі орындардан көрінді.

Нақтылап айтсақ, 63 келі салмақта ел намысын қорғаған отандасымыз финалда жапониялық Аята Сузукиді жеңіп, жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көрінсе, 87 келі салмақта сынға түскен балуанымыз Нұрсұлтан Тұрсынов ел қоржынына күміс жүлде сыйлады.

Ал тағы бір жүлдені 77 келі салмақ дәрежесінде белдескен спортшымыз Ибрагим Магомадов жеңіп алды.

Дереккөз: KAZINFORM
Фото: qaz_olympics