ОЛИМПИАДА АЛАУЫ ТҰТАНДЫ

Уақыты: 17.04.2024
Оқылды: 294

Грекияның Олимпия қаласында биыл 26 шілде мен 8 тамыз аралығында Парижде өтетін Олимпиада ойындарының алауы ресми түрде тұтанды. Дәл осы жерден басталған алау әлемді аралап, Олимпиада өткізетін қалаға жеткізіледі.


Эстафеталық алауды бірінші болып ескек есуден Токио Олимпиадасының чемпионы Стефанос Дускос (Грекия) алды. Ал жалпы алауды 600-ден астам адам алып жүрмек.

Грекиядан басталған эстафета 8 мамырда Францияның Марсель қаласына жетеді. Эстафетада Ласко үңгірі, Алезиядағы археологиялық қазбалар, ортағасырлық Каркасонна қаласы, Версаль сарайы және басқа да тарихи-мәдени, әрі көрікті жерлерді қамтымақ.

Олимпиаданың ресми  салтанатты ашылу сәті 26 шілдеге жоспарланған. Париж үш рет Олимпиаданы қабылдаған Лондоннан (1908, 1948 және 2012) кейінгі екінші қала болмақ. Осыған дейін Парижде 1900 және 1924 жылы өтті. Биылғы жаһан жарысы 32 спорт түрінен тұрады. Бағдарламаны және негізгі 28 олимпиадалық спорт түріне арналған ойындарды жақсарту мақсатында биылғы Олимпиадаға қосымша брейк-данс, спорттық альпинизм, скейтбординг және серфинг қосылды.