Мейірім Нұрсұлтанов WBO рейтингінде үздік үштіктен шығып қалды

Уақыты: 22.07.2024
Оқылды: 336

Дүниежүзілік бокс үйымы (WBO) жаңартылған рейтингін көпшілік назарына ұсынды. Тізімде Қазақстанның бірнеше боксшысы бар.

Атап айтқанда, алғашқы ауыр салмақта өнер көрсететін Али Балоев 15-орыннан 14-ке көтерілді. Ал, осы салмақтағы Қазақстан тумасы, қазір Германияда тұратын Роман Фресс сегізден тоғызыншы орынға төмендеді.

Орта салмақта бұл ұйымның чемпиондық белбеуі Жәнібек Әлімханұлына тиесілі екені белгілі. Ал, бүгінге дейін рейтингтің үшінші сатысында тағы бір қазақ боксшысы Мейірім Нұрсұлтанов тұрған. Ол жаңартылған тізімде бірден бесінші сатыға төмендеді.

Орта салмақтың рейтингінде бірінші орында – Хамза Шираз, екінші орында – Дензел Бентли, үшінші орында кіші Шейн Мозли тұр.

Дереккөз: 1bol.kz/box 
Фото: Main Events