«Жетісу» беларуссиялық қорғаушымен толықты

Уақыты: 25.07.2024
Оқылды: 307

Талдықорғандық «Жетісу» 26 жасар беларуссиялық Константин Кучинскиймен келісім-шартқа отырғанын жариялады, 

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Sport Plus Qazaqstan сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Беларуссиялық қорғаушы кәсіби футболдағы алғашқы қадамын «Энергетик-БГУ» командасында бастады. Бұған дейін Константин «Ислочь» командасында ойнаған.

«Ислочь» сапында 16 кездесу өткізіп, бір гол және екі нәтижелі паспен ерекшеленді.