Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДА ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ОНЛАЙН ТУРНИР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Уақыты: 06.05.2020
Оқылды: 270
Бөлім: АЛАМАН

Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» мен Тоғызқұмалақ спорты федерациясы бірлесіп, студенттер арасында тоғызқұмалақтан онлайн турнирін өткізді. Оған 89 студент қатысты. Сайыс iggamecenter.com платформасында ұйымдастырылды.

Ұлдар арасында 1-орынды Павлодар МПУ (Керейбаев Ринат), 2-орынды М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ (Сүлеймен Абылайхан), екі 3-орынды Ақтөбе ӨМУ (Қайдаров Азамат) пен Қорқыт ата атындағы ҚМУ (Қаржаубаев Асылбек) алды.

Ал қыздар арасындағы ойын нәтижесі төмендегідей:

1-орын Павлодар МПУ (Абдыханова Аружан);

2-орын Ақтөбе ӨМУ (Алдабергенова Гүлжанат);

3-орын ҚазҰМУ (Рахматуллаева Аружан);

3-орын Қазақ бас  сәулет құрылыс академиясы (Әжтүрлі Айтолған).

Жеңімпаздар Керейбаев Ринат пен Абдыханова Аружан жарыстың өте қызықты әрі тартысты өткенін, алдағы уақытта да осындай жарыстарда бақ сынағысы келетіндерін айтты. Сонымен қатар, ҚР БҒМ «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» ұйымдастыруымен Team Kazakhstan командасының техникалық қолдауымен ЖОО студенттері арасында Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған шахматтан онлайн турнир https://www.chess.com//club/jastalap сайтында өткізілді.

Сайысқа қатысу үшін 46 ЖОО-дан 180 өтінім келіп түсті, 127 студент қатысты.

Онлайн турнирге Team Kazakhstan командасы техникалық және ұйымдастырушылық қолдау көрсетті. Team Kazakhstan командасы - әлемдегі ең ірі де танымал шахмат ресурсы  chess.com сайтында  әлемдік, Европалық және Азиялық лигаларда  Қазақстанның атынан сайысқа қатысатын бірден-бір ұйым. Карантин уақытында бос уақытты пайдалы өткізудегі бұл мүмкіндік студенттер арасында зор қызығушылық тудырғанын атап өткен жөн.

Айта кетейік, студенттер арасында бес асықтан, оқушылар арасында тоғызқұмалақтан да жарыстар өтті. Турнирді Білім және ғылым министрлігі мен ҚР Асық ату федерациясы бірлесіп ұйымдастырды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"