"ЖИЫРМА КҮНДЕ ЖЕТТІМ": ҚЫЗЫЛОРДАДАН ТЕКЕЛІГЕ ВЕЛОСИПЕДПЕН КЕЛГЕН АРУ

Уақыты: 26.08.2020
Оқылды: 1226

Атыраулық саяхатшы Ақмарал Мәжитова Қызылордадан Текелі қаласына велосипедпен келді.

Велосаяхатшы ұзақ сапарын Қызылорда қаласынан бастап, Текелі қаласына 20 күнде жеткен.

13 жасынан велосипедті серік еткен ару 2014 жылдан бері осы спорт түрімен айналысып, шет мемлекеттердің 13 қаласында болып үлгерген. Ақмарал бұл сапарға арнайы Текелі қаласында орналасқан "Бұрқанбұлақ" сарқырамасын және таулы аймақтарын көру мақсатында  келген.

Бұл игі бастамаға мұрындық болған - Текелі қаласындағы вело-спорт саласын дамытып жүрген "Velotravel Tekeli" туристік орталығы.

Өз кезегінде Текелі қаласы әкімдігі тарапынан осынша киллометрді артқа тастап, үлкен тәуекелмен қонақ болып келген велосаяхатшы Ақмаралға алғыс айтылып, марапат ұсынылды.

Айта кетейік, Қызылорда мен Текелі қалаларының арасы шамамен 1400 шақырымды құрайды. Ұзақ жол Талдықорған, Алматы, Тараз, Шымкент, Түркістан қалалары арқылы өтеді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"