«БОЛАШАҚ» ШАҚЫРАДЫ

Уақыты: 18.08.2017
Оқылды: 1203

2017 жылы Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға 600 шәкіртақы бөлінген болатын. Бүгінде оның 171-і тағайындалды. Сіз де құжаттарыңызды тапсырып, үміткер болыңыз. Құжаттар ағымдағы жылдың 15 қыркүйегіне дейін Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, №8, «Алтын Орда» бизнес орталығының №507 кабинетінде қабылданады. 
Конкурсқа қатысу үшін үміткерлерге қойылатын талаптар мен құжаттардың толық тізімін  www.bolashak.gov.kz сайтының «Үміткерге» деген тарауынан көре аласыз. Қосымша ақпаратты 8(7172) 769082, 769083, 769084, 249385, 249386 телефон нөмірлеріне хабарласу арқылы біліңіз.