Архив ісіндегі жаңалық

Уақыты: 19.10.2017
Оқылды: 1921

2017 жылдың 12-13 қазанында Қазақстан Республикасы Президентінің архивінде «ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ АРХИВ ІСІ: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР, ТӘЖІРИБЕ, ИННОВАЦИЯЛАР» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы болып өтті. Конференцияны ҚР Президенті архивінің директоры, профессор Б. Жаппаров ашты.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жалпы бөлімінің меңгерушісі М. Жақыпов, Алматы қаласындағы АҚШ Бас консулдығының баспасөз, мәдениет және білім бөлімінің басшысы Дон Килбург, Татарстан Республикасының архив ісі бойынша мемлекеттік комитетінің төрағасы И. Аюпова қатысушыларға өз құттықтауларын білдірді.
Пленарлық сессияда ҚР Президенті архивінің директоры Б. Жаппаров «ХХІ ғасырдағы ҚР Президенті архивінің тәжірибесі, инновациясы және даму келешегі» тақырыбында баяндама жасады. Сонымен бірге «NARA-ның жұмысы мен құрамына шолу» тақырыбында Архивтер және құжаттама ұлттық басқармасының бас операциялық директорының орынбасары (NARA, АҚШ, Вашингтон қ.) Крис Нейлор, «Мемлекеттік органдардың архивтеріндегі электрондық құжат айналымы жүйесі мен электрондық құжаттарды сақтау жүйесіне үлгілік функционалдық талаптарды әзірлеу» атты тақырыпта Бүкілресейлік құжаттану және архив ісі ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары (РФ, Мәскеу қ.,) Н. Суровцева және «ҚР Орталық мемлекеттік кино-фото құжаттар мен дыбыс жазбалары архивінің аудиовизуалды құжаттарын цифрлеу тәжірибесінен» А. Сейітовалардың баяндамалары тыңдалды.
Конференцияда «Электрондық архивтер және архив ісін ақпараттандыру», «Құжаттану және архив ісі: теория және практика мәселелері», «Қазіргі замандағы архивтік білім», «Өзбекстандағы архив ісі мамандарын даярлау» атты тақырыптарда  Ресей, Өзбекстан, Қазақстан архивистерінің  баяндамалары оқылды.
13 қазанда «АҚШ-тағы құжаттаманы басқару: федералды үкіметтің нормативтік-құқықтық аспектілері» атты тақырыпта Крис Нейлор шеберлік сабағын (мастер-класс) өткізіп, тәжірибесімен алмасты. Осы іс-шараға Алматы облысының мемлекеттік архивінің бас директоры Г. Кулмуханбетова, бас қор сақтаушы А. Каипжанова, электронды технологиялар бөлімінің басшысы Б. Сыдыков, Іле филиалының директоры А. Елюбаева, Талдықорған филиалының архивисі Ю. Малютина және Талдықорған мемлекеттік архиві құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету бөлімінің басшысы  А. Зайтунова қатысты. 
Екі күнге созылған ғылыми-тәжірибелік конференцияда Бүкілресейлік құжаттану және архив ісі ғылыми-зерттеу институтымен бірлескен шартқа қол қойылып, қатысушыларға ҚР Президенті архивінің өткізген халықаралық іс-шарасын және  Крис Нейлор шеберлік сабағын тыңдаушы деген екі жақты қол қойылған сертификат берілді. Келген қонақтар Медеу және Шымбұлақ тау-шаңғы комплексімен танысып, табиғатқа таңғалысты. Конференция екі күнге созылды.
Іс-шараны кәсіби түрде ұйымдастырып отырған Қазақстан Республикасы Президентінің архиві ұжымына өз алғысымызды білдіреміз. Өткізіліп отырған іс-шара болашақта өз жалғасын табады деген ойдамыз.

 А. МҰҚАШҚЫЗЫ,

Алматы облысы
мемлекеттік архивінің бас қор сақтаушысы.