ТУРИЗМ ТҮЛЕП КЕЛЕДІ

Уақыты: 08.06.2023
Оқылды: 902

Жері – абат, құшағы – салқын-сабат  Жетісуда туризм саласы жыл сайын жанданып келеді. Әсіресе, бұрынғы Алматы облысы 2 аймаққа бөлініп, өңір Жетісу облысы болып қайта түлегелі бері бұл салаға көбірек ден қойылуда.  

Жетісу облысына сапары аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аймақта туризмды дамытудың маңызына тоқталып, арнайы тапсырмалар берген. Мәселен, 2022 жылғы статистика деректері бойынша Жетісу облысында туристерді қабылдаудың 346 нысаны жұмыс істеді. Ақылы туристік-сауықтыру қызметтерінің көлемі де артып, 5,2 млрд. теңгеге жетті. Осы жылы 3,2 млрд.теңгеге 18 нысан пайдалануға берілді. 

Облыстың туристік әлеуетін ілгерілету мақсатында туризм басқармасының өкілдері 2023 жылғы наурыз айында Берлин (ГФР) және Дубай (БАӘ) қалаларындағы ірі халықаралық туристік көрмелереге қатысты. Сонымен қатар, сәуір айында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының ашылуы шеңберінде БАҚ өкілдері мен блогерлерге арналған ақпараттық тур ұйымдастырылды. Бұған қоса, «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында БАҚ өкілдеріне ақпараттық тур өткізілді. 

Алакөл көлі жағалауында инфрақұрылымды дамыту мақсатында 2021-2022 жылдары мемлекеттік бюджеттен бірқатар жоба жүзеге асырылуда. Айталық, Алакөл көлінің жағалауында кәріз жүйесінің құрылысы, жағалауды бекіту жұмыстары, жолаушылар тасымалындағы автожол және теміржол бағытындағы жобалардың іске асуы. Оның ішінде, бүгінде «Астана – Достық» қатынасымен «Тальго» пойызы жүргізілуде. Әуе тасымалында субсидияланатын әуе рейстері жүзеге асуда. Бұл ретте «Жетісу» әуекомпаниясының қатысуымен жазғы маусымда рейстерді күніне 3 ретке дейін арттыру мүмкіндігі бар екенін деп атап өткен жөн. 

Балқаш көлі жағалауының туристік инфрақұрылымын дамыту мақсатында «Балқаш «Туристік – рекреациялық демалыс аймағының инженерлік-коммуникациялық желілерін салу» жобасы бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Жалпы құны 4,9 млрд. теңге  көлемінде жобаланған. Қазіргі кезде қаржыландыру ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі арқылы қарастырылуда. Автомобиль жолдарын реконструкциялау бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. 

Бұдан бөлек, көл жағалауында жобаланатын аумақта нөмірлік қоры 40 мың төсек-орын болатын демалыс орындарын салу арқылы 30 млрд. теңгеге инвестициялар тарту күтілуде. Туристік индустрияның ең қарқынды дамып келе жатқан және танымал секторы экологиялық туризм екені белгілі. Оның дамуы «Алтынемел» және «Жоңғар Алатау» мемлекеттік ұлттық парктерінің әлеуетіне негізделген. 

Соның ішінде «Алтынемел» ұлттық паркінің аумағында экологиялық туризмді дамыту жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру жүргізілуде. Инвестициялардың жоспарланған сомасы 2 млрд. теңге. болса,  «Жоңғар Алатауы» ұлттық паркінің аумағында жалпы құны 1,6 млрд. теңгеге 8 инвестициялық жоба іске асырылуда, оның 6 аяқталды, бір жобаны 2024 жылы аяқтау көзделсе, тағы бір жобаның құрылысы басталу сатысында. 

Туризмді  айтқанда ұмыт қалмай айтылуы тиіс тағы бір басым бағыт – Жоңғар Алатауы тау жүйесінде туризмді дамыту. Бұл мақсатта Қора шатқалынадағы Бурхан-бұлақ сарқырамасына дейін жол жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Жобалық сметалық құжат әзірлеуге жергілікті бюджеттен 94,8 млн. теңге бөлінді. Маусым айында жобалау ұйымы айқындалады. Шамамен ағымдағы жылдың желтоқсанын айында мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынады.

Көрсетілетін қызметтердің сапасын, туристер санын арттыру үшін 2023 жылы Ақсу, Сарқан, Алакөл және Ескелді аудандарының туристік орындарына ақпараттық турлар өткізу, сондай-ақ, «Алтынемел» және «Жоңғар Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында  іс-шаралар өткізу, облыстың туризм саласының өкілдері үшін оқыту курстарын, мастер-класстар мен семинарларды ұйымдастыру және өткізу, іс-шаралық туризмді дамыту мақсатында фестивальдар өткізу жоспарланған.

Ол қатарда «Shagan Fest», «Koksu Water Fest», «Winter Fest», «Zhetysu travel» туристік форумы сынды бірқыдыру шаралар бар. Қазіргі таңда облысқа келушілер үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында туристік дестинацияларды дамыту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 

Жандос Нұриев, 
VISITZHETYSU туристік ақпараттық  орталығының басшысы