Талдықорған: +31°C
$ 477.11
€ 545.58
₽ 6.20
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Өнер мен білім – өрлеу кепілі

14.07.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Өнер мен білім – өрлеу  кепілі
WhatsAppTelegramFacebook

Елімізге есімі белгілі ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Педагогикалық академиясының Құрметті академигі, Ұлттық құндылықтар қоғамы академиясының академигі Берікжан ӘлмұхаМбетов 75 жасқа толды. Қаратал ауданының Кәлпе орта мектебін тамамдаған өршіл жас Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтына түседі. Ғибратты ғұмырында осы институтта оқытушы, декан, Білім министрлігі, ҚР Үкіметінде лауазымды қызметтер атқарып, Республикалық басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлар біліктілігін артыру институтының директоры, «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық білім және сауықтыру орталығының бас директоры, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Өнер, мәдениет және спорт институтының директоры, сондай-ақ, аталмыш университеттің педагогика және психология институтының директоры болып жемісті еңбек еткен. Бірнеше орден, медальдармен марапатталған. Ар тұнған арда азаматтың жарқын жолы жастарға – үлгі, көпке – нұсқа. Назарларыңызға ғибратты ғалымның өзекті бір мақаласын ұсынып отырмыз.

Идеология – арасынан қыл өтпес идеялар жиынтығының жүйесі, ұлттық құндылықтарымыздың өрісі. Құндылық атаулы – адам өмірінің бағыт-бағдарын айқындайтын рухани қазына. Бұл ретте өнердің жөні бөлек. Ұлттық өнерді насихаттау арқылы халық мәдениеті өскелең ұрпақ санасына сіңеді. Ауыз әдебиетіміздегі теңеу сөздер бейнелік ойлау мәдениетімізге тікелей әсер етеді. Батырды арыстанға, бүркітті қыранға, молшылықты теңізге теңесе, ал сұлуды ай мен күнге, хош иісті гүлге, құралайдың лағына, аққудың көгілдіріне, ботаның көзіне теңейді. Қазақ жұмбақтарында аспан әлемі, жер-көктің астарлап айтылуы кездейсоқ нәрсе емес, көктегі тылсымды, құпия сырды білуге деген құштарлықтың көрінісі.

Кезіндегі жүйрік атты шаппай танитын атбегі, қыран құсты ұшпай тұрып білетін құсбегілерді, түйенің ізінен-ақ түр-түсін ажыратқан, қозыға қарап қоралы қойдың ортасынан енесін тауып, жоғалып кеткен биенің іште кеткен құлынын ат болғанда түстеп берген халық сыншыларын қалайша мақтан тұтпасқа?!

Ұлы ғалым әл-Фараби музыка теориясын жазумен қатар ісмерлік қолөнерді игеріп, «Канун», Қыпшақ» музыка аспабын мұра еткен. VIII ғасырда қобыз үнін даламызға сіңірген Қорқыт қобызының жасалу үлгісі ісмерлік қолөнеріміздің ертеден-ақ қалыптасқанын дәлелдейді.

Дәстүрлі өнер – халық өмірінің шынайы бейнесі. Адамдардың рухани-мәдени тұрмысымен қабысқан құбылыс. Әрбір халықтың дәстүрлі өмірі тарихи тағылым, озық ой-пікірлерімен тоғысады. Қоғамдық қатынастар барысында тарихи қалыптасқан тұрақты және мейлінше қорытылған нормалар мен прициптері болып табылады. Ол қоғамдық өмірдің материалдық жағдайының өзгеруімен сипатталады. Ұлттық өнердің озық үлгілерімен толықтырылады.

Ежелгі түркі тілдес халықтарға ортақ мұраларды аршып, үзіліп қалған өнерді түгендеуіміз керек. Сондықтан бейнелеу өнерінің түп тамырын түрік қанағаты, сақ және ғұн тайпаларынан бастап зерделеу басты мәселе. Көшпенділер мәдениетінде өнер синтездік тұрғыда дамыды. Өнердің тарихи тамырын тануға бүгінгі ұрпақ зәру-ақ. Әрине, батыс, шығыс елдерінің қазақ өнеріне берген жоғары көркемдік қуатын жоққа шығаруға болмайды. Дегенмен, ұлттық өнердің төл мұраларын зерттеу көкейкесті.

Шәкәрім Құдайбердіұлы «Қарындаш, қаламым, жан жолдасым» деп айтқан екен. Ғалымдар дәйектеріне сүйенсек, тасқа түскен таңбалы суреттер бейнелеу өнерінің алғашқы нұсқасы. Сурет – өткен дәуірдің көркемдік қолтаңбасы. Дала төсінде пайда болған тас ескерткіштерден бастап барлық сырлы да сәнді ғимараттар ата-бабаларымыздың қалдырып кеткен асыл мұрасы. Олардың тасқа түскен сан түрлі бейнелеріне байыптап қарасақ, анималистік жанрға жақын дүние туғызғанын көре аламыз. Әртүрлі жануар қимылын бейнелеген суреттер көшпелі халқымыздың көркемдік талғамын паш етеді. Орта Азия мен Қазақстан жерінен табылған таңбалы суреттер көшпенділер графикасы.

Әр ғасырда пайда болған таңбалар, бейнелі суреттер, бедерлі әріптер тарихы бай мәдени болмысымен ерекшеленеді. Мәселен, қола дәуіріндегі таңбалы суреттер Түркі қағанатында «Тәңір идеясы» түзілгенін көрсетеді. Көшпелі түркі тілдес халықтардың құдай анасы «Ұмай» бейнесі таңбалы кескіні арқылы жеткен. Осылайша әр дәуірдің эстетикалық талғамы көркем туындылары арқылы айшықталады.

Кезінде ғұлама ғалым, академик Әлкей Марғұлан қазақ өнерінің ой- өрісін саралап, тылсым дүниесіне терең ғылыми талдау жасап берді. «Итке маржан не керек» деп ұлы Абай айтқандай, қазақ өнерінің шетелге пәлендей керек еместігі белгілі. Бейнелеу өнерінің беделін көтеру – көркемдік білім беруден басталады. Көркемдік білім берудің ұлттық моделін құруымыз керек. Бұл ретте ұлы ойшылдар мен демократ ағартушылардың идеяларын қолданудың маңызы аса зор. Мұндай білім берудің құнды жүйесін табу, басқа пәндермен сабақтастығын дамыту, білімнің жаңаша ұлттық инновациялық стратегиясын жасау – түйінді шаруа.

Жалпы өнертану мамандығына байланысты оқу-тәрбие үрдісінің жаңа формасы ойластырылып, тұжырымдамасы жасалуы тиіс. Атап айтсақ, оқу жоспарының жүйесін айқындау, отандық өнердің құндылығын бағалауға үйрету, әлемдік өнермен салыстыра отырып зерттеу, реализм, сюреализм, кубизм, абстракционизмді айқындау, көркемдік тілін ұғыну, гипербола, метафора, символ, гротекс сынды өзіндік тәсілдерін жіктеу аса маңызды. Бүгінге дейін өнертану ғылымында «Қазақстан бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясын» зерттейтін жүйенің болмауы қынжыларлық дүние.

Дербес мемлекеттік білім өте серпінді болуы тиіс. Оқу құралы жоқ құрғақ берілген білім ұрпаққа азық болмайды. Ең бастысы – мектептен бастап жоғары оқу орнына дейін әрбір пәннің сабақтастығы үзілмейтін төл оқулықтарды жазуды қолға алу қажет.

«Жылқы біткен дүлдүл болмайды, құс біткен бұлбұл болмайды» демекші, адам баласы да солай. Жұрттың бәрі шешен, әнші, ақын, данышпан болып туа бермейді. Дүлдүлге де күй керек, бұлбұлға да жайлы орын, саялы бақша керек. Адам баласы бәрінен де артық күй тыңдайды. Тумысынан қанша зерек болса да ғылымсыз, тәрбиесіз кемеліне жетпейді. Ұлттық тәрбие мен өнер ұлттық салт-ғұрыппен суарылса керек. Абай айтқандай, «Білім – өнердің кілті, өнер – өмірдің кілті». Жүсіп Баласағұн: «Өз пайдаңды ойлама, ел пайдасын ойла, өз пайдаң соның ішінде» деген жоқ па? Ең бастысы, қазақ тілінде сөйлеуді ұлттық рухпен ұштастыру керек. Қолдан келгенше студенттерді мектепке толымды бір рухани тәрбиемен жіберудің қамын қарастыру үстіндеміз. Рухты ояту мәселесінде шешуші рөл отбасына жүктеледі. Демек, рухани жылулық қажет. Бұл ата-ананың парызы. Андрогогика ғылымы – ересектер педагогикасы саласына жатады. Егер бұған қол жеткізсек, онда біз өзімізді өзіміз тәрбиелер едік. Жастар да икемге келіп, кімнің кім екенін біле бастайды.

Жоғары оқу орны біріңғай кадр даярлаумен ғана шұғылданса, онда ұзаққа бармаймыз. Тәрбие мәселесін тұтастай халықтың арасында жүргізіп отыратын, жұртқа үлгі-өнеге көрсететін мекеме орнықса ғана оның мерейі үстем болмақ. Қазіргідей кезде тек бағдарлама шеңберінде білім берумен шектелу жеткіліксіз. Біз көп нәрсені түсіндіре алмай жүрміз. Білімнің қалай, не үшін қолданылатынын, оның болашақта қандай рөл атақаратынын жеріне жеткізіп айта алмай жүрміз. Әлі де болса жоғары оқу орындарына еркіндік беріле қойған жоқ. Қандай мамандықты ашу – жоғары оқу орындарының өз еркінде болса дейсің. Шамасы келе ме, әлі жете ме – ашсын. Педагогикалық университет болғаннан кейін тек педагог мамандарын дайындау керек, олардың сапасына көңіл бөлу басты мәселе.

Біз шетелге балаларымызды оқуға, тіл үйретуге жіберіп жатырмыз. Мысалы, Қытайға, Үндістанға, Түркия, АҚШ-қа. Не үшін бала тез арада сол қиын дейтін қытай, хинди, түрік, ағылшын тілдерін меңгеріп алады? Қажеттілік болған соң! Мен шетелден оралып жатқан қандастарымның сол елдің тілін үйреніп келіп өз тұрмыстарына жаратып жатқандарына сүйсінем. Асылы апамыздың «Білім – әлемдік, тәрбие – ұлттық болуы керек» деген ұшқыр сөзі бар. Қазақтың әдет-ғұрпындай ешбір ұлтта ата-дәстүр жоқ. Тумысынан таза, арамдықтан ада, қиянаттан шет, ешкімді жатсынбайтын, бөлмейтін, жармайтын, мәжбүрліктен аулақ, баршаның баласын бауырына басқан қазақты кім жек көрсін?!

Бүгінде «жасанды интеллект» деп жар салып жатырмыз – бұл дұрыс. Бірақ ұстанымымыз бен дамуымыздың қайсысы алда? Өткенге көз жүгіртейікші: қаншама бастамалар мен реформаларымыз, әсіресе білім және ғылым саласындағы өзгерістер болашаққа бағыт-бағдар беруі тиіс еді. Шетелдердің тәжірибесінен өнеге аламыз деп, кейде орынды сараламай, дәйектемей, өзімізге бейімдемей қолдандық, ақыры жүзеге аспаған дүниелердің құрбаны болдық.

Мектеп (оқу орны) билік орны емес, ақыл-парасат билігі үстемдік алатын жүйе. Оқу орындары отбасы, ата-аналармен, ардагер ұстаздармен біте қайнасқанда ғана ілгері басамыз. Бұған дейін отбасы тәрбиесінде олқылық көп кеткенін мойындағанымыз жөн. Бүлдіршіндерді балабақшаға, жас балаларды мектепке, жастар тәрбиесін жоғары оқу орнына артып қойдық. Ата-әже, ата-ана сынды қасиетті отбасы тәрбиесіне көңіл бөлмедік.

Халыққа экологиялық білім берудегі негізгі орындардың бірі де мектеп. Ондағы жас ұрпақ өзін қоршаған табиғаттың сыр-сипатын біліп қана қоймай, табиғатты қорғау жолына үйрететін экологиялық тәлім-тәрбиеге ынтызар.

Үлкенді-кішілі мектептердің әрқайсысында бүкіл бағдарламаны, оқу жоспарын қайта қарау қолға алынуы керек. Бәрін тереңірек ойластырып, халқымыздың ұлттық ерекшеліктерін ескеріп барып жасағанға не жетсін?! Кеңінен пайымдасақ, ұстаз – өмірді терең түйсінетін, баланы жақсы көретін, білімді тәрбиеге айналдыруға қабілетті немесе тәрбиені білім арқылы бере алатын адам.

Заман өзгеріп, қоғам жаңғырып жатса да адам бойындағы ізгілік қасиеттер сақталуы шарт. Адам танымы бес бастаудан нәр алатын асау өзен іспеттес. Оның бірі – көру, екіншісі – есту, үшіншісі – түйсіну, төртіншісі – иіс сезу, бесіншісі – дәм. Сезім органдарына тек тап-таза бейнелер ғана келіп түспейді, сонымен бірге бұған ескі-құсқысы аралас, тіпті лас нәрселер де құйылады. Ойлау жүйесі оларды сұрыптай отыра жарамдыларын ғана қабылдап, жарамсызын шығарып тастайды. Тіл – ой маржаны, ойсыз тіл жоқ. Арман – сөздің қаймағы, нәр тұзы. Қиял – өмірдің гүлі, әдеміліктің мәйегі. Қиялсыз адам дәрменсіз.

Адамның өз бағасын білуі – үлкен олжа. Бүгінгі күнде көрші елдерде болып жатқан әскери қақтығыстар, санкциялық тежеулер, соғыстар тұтанып жатқан кезде бейбіт өмір мен тұрақтылықтың қандай нәзік екенін түсіне бастадық. Аңсағанымыз – рухани еркіндік еді, соған қолымыз жетті. Рухани еркіндік деп отырғанымыз – ұлттық сипаттарымызды, құндылықтарымызды қалыптастырып, оны одан әрмен қарай дамыту, соны сезіну. Бұл кезеңнің жауапкершілігі де мол. Бір тәуірі, ұлтымыздың көтеріліп кетуіне тарихи негіз бар. Адамзатқа алдымен өркениет таратқан халықтың ұрпағымыз. Президентіміз қоғамды сапалық жағынан жаңғыртуға, қайта құруға бағытталған жаңа кезеңді бастап берді. Әдепкіде, әрине, көпшіліктің бәрі бірдей көлденең келетін барлық қиындықты түйсіне қоймайды. Соған қарамастан өткен уақытта қыруар іс тындырылды. Жаңа көзқарас тұжырымдамасы, стратегиясы мен тактикасы әзірленіп іске асып, шынайы демократия бел алды.

Мен ұлтыммен мақтанам, мінез-құлық жағынан алғанда асыл текті, кең пейілді, тіпті әлемде ең абыройлы, мызғымас күшке ие, ынта-жігері мол халықпыз, оған тарих куә. Ой мен іс-қимыл салтанаты қоғамдық сана мен практикалық үрдістің сипатын анықтай отырып, өмірге барған сайын тереңдей түсуде. Еңсемізді көтеріп, бойымызды тіктедік, кез келген жағымды һәм жағымсыз құбылыстарға тайсалмай қарап, толғағы жеткен нәрселерді бүкпесіз айтып, адал түрде бірге шешудің тәсілдерін батыл іздестіру үстіндеміз. Осы талпынысты дәуіріміз қой үстіне бозторғай жұмыртқалар заманның басы болғай!

Берікжан ӘЛМҰХАМБЕТОВ,
педагогика ғылымдарының
докторы, профессор, Ыбырай
Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының академигі

Қатысты жаңалықтар

Өнер мен білім – өрлеу  кепілі

Өнер мен білім – өрлеу кепілі

14.07.2026
Халық пен билік арасындағы сенім: Уақыт сынынан өткен төрт жыл

Халық пен билік арасындағы сенім: Уақыт сынынан өткен төрт жыл

14.07.2026
ЖИ мен МИ

Жаңа талап, жаңа жауапкершілік

14.07.2026
Елімізде 7 мыңға жуық әйел әскери қызмет атқарады

Елімізде 7 мыңға жуық әйел әскери қызмет атқарады

14.07.2026
ҰБТ жүйесі өзгеруі мүмкін: Аида Балаева жаңа форматты ұсынды

Білім берудің стратегиялық тірегі

14.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.