Ақпараттық хабарлама
«Jetіsý» газетінің (бұдан ары – газет) меншік иесі ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлаулар туралы» Конституциялық Заңының 28-бабы 5-тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі №1338 «Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы» Жарлығына сәйкес 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы сайлауына қатысатын Қазақстан Республикасының саяси партияларына (бұдан әрі – Партия) сайлауалды үгіт материалдарын (бұдан әрі – үгіт материалдары) орналастырудың шарттары мен ақы мөлшерін хабарлайды.
Газеттің басылым алаңдарын берудің жалпы шарттары мен тәртібі
Газет үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін басылым алаңдарын береді.
Газеттен басылым алаңдарын беру газеттің меншік иесі мен партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялардың сенімді өкілі арасында үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған басылым алаңын беруге жасалған келісімшарт негізінде жүзеге асырылады. Келісімшарттың формасы мен тиісті құжаттар жазбаша өтініш тапсырылған кезде қоса беріледі. Мұндай келісімшарт жасау үшін саяси партиялардың сенімді өкілдері газеттің меншік иесіне келесі ақпараттарды көрсете отырып, жазбаша өтінішпен шығады:
1) партиялық тізімнің ұсынылғанын дәлелдейтін құжаттың көшірмесі;
2) саяси партияның уәкілетті өкілінің құзыретін дәлелдейтін құжаттың көшірмесі;
3) үгіттік материалдардың түрі, алатын алаңының жоспарланған көлемі көрсетілген жазбаша өтініш мазмұны;
4) қағаз (уәкілетті өкілдің көрсетілген әр парақтағы қойылған қолымен) және электронды тасымалдаушыдағы үгіттік материалдың мәтініне түсіндірме;
5) өтініш беруші саяси партияның уәкілетті өкілінің жеке бас куәлігінің көшірмесі.
Газетке жазбаша өтініш осы ақпараттық хабарлама негізінде 2026 жылдың 17 шілдесінен бастап 2026 жылдың 19 тамызына дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайынғы сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі, 28-үй, 4-қабат мекенжайы бойынша қабылданады.
Жарияланымдарда ақпаратты берген тұлғаның аты-жөні, тегі, қаржыландыру көздер, материалдарды шығаруға жауапты тұлғалар, олардың төленуі туралы ақпараттар болуға тиісті.
Баспалық материалдарды орналастырудың кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу реттілігіне байланысты газетпен белгіленеді. Бірнеше саяси партия атынан жазылған өтініштер бір мезетте түскен жағдайда газет тарапынан дәл сол күні жеребе өткізіледі. Жеребеге баспалық материалдарды орналастыру кезектілігіне таласушы саяси партиялардың уәкілетті өкілдері мен таластың тәуелсіз тарабы ретінде БАҚ өкілі қатысады. Саяси партиялардың әрбір уәкілетті өкіліне ішінде баспалық материалды орналастырудың мерзімі көрсетілген, мөрленген конвертті таңдау ұсынылады. Конверттер саны таласқа қатысушыларың санымен тең болады. Жеребе аяқталғаннан кейін таласқа қатысушылар мен БАҚ өкілі жеребе хаттамасына қолдарын қояды. Жеребе нәтижесі (хаттаманың көшірмесі) тиісті сайлау комиссиясына тапсырылады.
Үгіттік баспа материалдарын берудің тәртібі
Газетке үгіттік баспа материалдары газет жарық көретін датаға 3 (үш) күнтізбелік күн қалғанға дейін модульдер немесе мақалалар түрінде тапсырылуға тиісті.
Газет материалдарда конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге, республиканың тұтастығын бұзуға, мемлекеттің қауіпсіздігін бүлдіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, таптық және рулық алауыздық тудыруға, сондай-ақ, заңмен қарастырылмаған және заңмен қарастырылған, тағы басқа да негіздерде әскерилендерілген құрылымдар құру идеялары көрініс берген жағдайда үгіттік баспа материалдарын орналастырудан бас тартады.
Газет саяси партиялардың абыройы мен қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұсқан келтіретін ақпараттар болған жағдайда үгіттік баспа материалдарын орналастырудан бас тартуға құқылы.
Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген басылым алаңдарын берудің шарттары мен тәртібі уәкілетті органдардың талабына сай түзетілуі мүмкін.
Газеттің басылым алаңдарын төлеудің тәртібі мен мөлшері
Үгіттік материалдарды орналастыруға арналған басылым алаңдарының бағасы:
– Қазақстан Республикасы Құрылтайы сайлауына қатысатын Қазақстан Республикасының саяси партиялары үшін ҚҚС-ты қоса алғанда журналистік мақалалар жарияланатын беттерге модуль орналастырудың 1 шаршы см. үшін 850 теңге;
– Қазақстан Республикасы Құрылтайы сайлауына қатысатын Қазақстан Республикасының саяси партиялары үшін ҚҚС-ты қоса алғанда журналистік мақалалар жарияланатын беттерге мақала орналастырудың 1 шаршы см. үшін 850 теңге;
– Қазақстан Республикасы Құрылтайы сайлауына қатысатын Қазақстан Республикасының саяси партиялары үшін ҚҚС-ты қоса алғанда газет сайтқа жарияланатын мақалалар, модуль орналастыру 250 мың теңге;
– Қазақстан Республикасы Құрылтайы сайлауына қатысатын Қазақстан Республикасының саяси партиялары үшін ҚҚС-ты қоса алғанда сайттың әлеуметтік парақшаларына (Instagram, TikTok, YouTube, Facebook әрқайсына) модуль, бейнеүзік, банер, т.с.с. орналастыру 30 мың теңге;
Төлем серіктестік берген есепшот негізінде сол есепшот берілген күннен басталатын 5 (бес) банк күні ішінде жүргізіледі.
Төлем газеттің басылым алаңын беру жөніндегі тиісті келісімшартта немесе есепшотта көрсетілген серіктестіктің банктік реквизиттеріне төленеді.





