Талдықорған: +14°C
$ 444.16
€ 487.29
₽ 5.40
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісу жастары Балқаш көлін қоқыстан тазартты

21 шілде 2026
КҮНДЕРЕК
Жетісу жастары Балқаш көлін қоқыстан тазартты

gov.kz

WhatsAppTelegramFacebook

«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы шеңберінде «ECORace» Экологиялық акциясы жоғары деңгейде өтті, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Арнайы ұйымдастырылған бұл бастама қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру, экологиялық жауапкершілікті арттыру, сондай-ақ тұрғындарды, әсіресе белсенді жастарды табиғатты аялауға, тазалықты сақтауға бағытталды. Ауқымды іс-шара қоғамда экологиялық сананы нығайтып, туған жер табиғатына жанашырлық көзқарас қалыптастыруды көздейді.

«ECORace» шарасы Балқаш көлінің жағалауында өтіп, тұрғындардың белсенді қатысуымен ерекшеленді. Бастапқы старт нүктесінде қатысушыларға экологиялық акцияның мақсаты мен маңыздылығы кеңінен түсіндірілді. Ұйымдастырушылар тарапынан әрбір азаматқа қолғаптар мен қоқыс жинауға арналған қаптар табысталды.

Қатысушылар белгіленген бағыт бойынша ұйымшылдықпен қозғалып, көл жағалауы мен автомобиль жолының бойындағы тұрмыстық қалдықтарды жинады. Топталған қоқыс финиш нүктесіне жеткізіліп, сұрыптауға тапсырылды. Нәтижесінде демалыс аймағы мен жағалау бойы айтарлықтай тазартылып, аймақтың экологиялық жағдайын жақсартуға нақты үлес қосылды.

Жетісу облысының ішкі саясат басқармасы мәлім еткендей, табиғатты қорғауға деген ортақ ұмтылыс, бірлік пен ынтымақтастық іс-шараның басты жетістігі атанды. Жастар туған жерге деген жанашырлығын іс жүзінде көрсетіп, экологиялық мәдениеттің маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.

«Бұл шара қоршаған ортаны қорғау тек бір реттік акция емес, әрбір азаматтың күнделікті өмір салтына айналуы тиіс екенін айқындаған маңызды бастама. Жоба демалыс аймақтарын таза ұстауға, табиғатты құрметтеуге бағытталған. «ECORace» экологиялық шарасы «Таза Қазақстан» идеологиясын кеңінен дәріптеп, қоғамда экологиялық жауапкершілікті арттыруға елеулі үлес қосты», – деп атап өтті Жетісу облысы бойынша «Қазақстан студенттерінің альянсы» омбудсмені Қызайбай Ақерке Досымханқызы.

Экологиялық мәселелерді шешу тек мемлекеттік органдардың емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Балқаш сияқты бірегей табиғи нысандарды сақтау 50-60 жылдан кейінгі ұрпақ болашағы үшін де аса маңызды. Осындай іс-шаралар арқылы жастар арасында табиғатқа ұқыпты қарау әдеті қалыптасады.

Қатысты жаңалықтар

Қағазбастылық пен мектептегі тәртіп мәселесі қалай шешіледі?

Маңызы зор марафон

Бүгін, 15:00
«Қызылтас» иен дала ма?

«Қызылтас» иен дала ма?

Бүгін, 14:30
Қаратал аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Абақов Берік Нұртілеуұлы

Қаратал аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Абақов Берік Нұртілеуұлы

Бүгін, 14:20
Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Әбенова Толқын Төлегенқызы

Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Әбенова Толқын Төлегенқызы

Бүгін, 14:14
Кандидат в депутаты маслихата Астраханцева Ольга Викторовна

Кандидат в депутаты маслихата Астраханцева Ольга Викторовна

Бүгін, 14:07

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.