Талдықорған: +35°C
$ 469.59
€ 536.22
₽ 5.96
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Өнегелі өмір иесі

21.07.2026
КҮНДЕРЕК
Өнегелі өмір иесі
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысының мемлекеттік архивінде мемлекет және қоғам қайраткері Бәтима Сақауованың өмірбаяны мен еңбектері туралы құжаттары сақталған жеке тектік қоры бар. Онда фотоқұжаттары, дәрістері, баяндамалары, хат алмасулары, өмірбаяны, куәліктері, мандаттары, делегат куәліктері, марапаттары, барлығы 58 іс сақталған.

Бәтима Есболатқызы 1926 жылы 5 желтоқсанда бұрынғы Талдықорған облысы Ақсу ауданының Абакумовка ауылында (қазіргі Жансүгіров кенті) кедей шаруа отбасында дүниеге келген. Ата-анасы 1930 жылдан бастап Ақсу ауданындағы «Қаракемер» кеңшарының мүшелері болды. Әкесі Есболат Смағұлов 1935 жылы өмірден өтеді. Асқар тауы шағылған соң Бәтима Есболатқызы әкесінің туыстары Рахия мен Нұрғали Сақауовтардың қолында тәрбиеленді. Олар Талдықорған облысы Қапал ауданындағы Қапал ауылында тұрып, «Революция алауы» кеңшарында еңбек еткен. Зерек қыз 1942 жылы Қапал орта мектебінің 7-сыныбын аяқтап, Қапал педагогикалық училищесіне оқуға түседі. Оқу орнын 1945 жылы тамамдап, 1945-1946 жылдары Қапал орта мектебінде мұғалім болып еңбек жолын бастайды.

1946-1951 жылдары Қапал аудандық партия комитетінде әйелдермен жұмыс бөлімінің меңгерушісі, кадрлар бөлімінің нұсқаушысы, сондай-ақ партия, кеңес, кәсіподақ және комсомол органдары бөлімінің нұсқаушысы қызметтерін атқарды. 1951 жылдың қаңтарынан 1953 жылға дейін Қапал аудандық еңбекшілер депутаттары кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары болды. Өзіне артылған жұмысты тыңғылықты орындап, 1953-1956 жылдары республикалық үш жылдық партия мектебінің тыңдаушысы болады. 1957 жылдың тамызынан 1959 жылға дейін Талдықорған қалалық еңбекшілер депутаттары кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 1959 жылдың қыркүйегінен 1964 жылдың ақпанына дейін Ақсу аудандық Қазақстан Коммунистік партиясы комитетінің екінші хатшысы қызметіне тағайындалады.

1964-1968 жылдары Гвардия аудандық еңбекшілер депутаттары кеңесі атқару комитетінің төрайымы қызметін атқарады. 1968 жылдың қаңтарынан 1982 жылдың сәуіріне дейін, шамамен 15 жыл бойы Талдықорған облыстық халық депутаттары кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары болып қажырлы еңбек етеді. 1982 жылдың сәуір айынан бастап төккен тердің жемісін көріп, зейнеткерлікке шығады. Алайда қоғамдық жұмыстардан қол үзбеген қоғам қайраткері одақтық маңызы бар дербес зейнеткер ретінде Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамының облыстық кеңесі төрағасының орынбасары қызметін де абыроймен атқарды. 1946 жылдан бастап КОКП мүшесі болды. 1956 жылы республикалық үш жылдық партия мектебін, ал 1959 жылы Мәскеу қаласындағы КОКП Орталық комитеті жанындағы Жоғары партия мектебін тамамдайды.

Еңбек жолындағы жетістіктері үшін үш «Құрмет белгісі» орденімен, жеті медальмен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің екі Құрмет грамотасымен марапатталған. КОКП-ның ХХІІІ съезіне делегат болып сайланып, 1968-1978 жылдары Бүкілодақтық мұғалімдер съезінің делегаты, ал 1982 жылы Мәскеу қаласында өткен Достық қоғамдарының Бүкілодақтық съезінің делегаты болады.

Партия және Совет органдарында ұзақ  жыл бойы  белсенді қызмет  атқарғаны үшін  және  елу  жасқа  толуына  байланысты Қазақ  ССР  Жоғарғы  Советінің  Президиумы 1976 жылдың 3 желтоқсанындағы Указы  бойынша Қазақ  ССР  Жоғарғы  Советінің  Құрмет  грамотасы  мен  наградасын иеленеді.

Жетісудың қыз-келіншектері арасынан азамат арқалар ауыр жүкке сыр алдырмаған, облысымыздың бірқатар ауданында, Талдықорған қаласында, облыста басшылық қызмет атқарған  ел анасы Бәтима Сақауованың өмірге келгеніне биыл 100 жыл. Талдықорған қаласының, Ақсу, Кербұлақ аудандарының  Құрметті азаматы Бәтима Есболатқызы халқына адал қызмет еткен жан. Елім деп еңіреп, жұртым деп жұмыла еңбек еткен тұлғаның өнегелі өмірі кейінгі буынға  үлгі-өнеге.

Айым ТАҢАТАРОВА,
Жетісу облысы мемлекеттік архивінің құжаттарды пайдалану және ғылыми-анықтамалық
аппарат бөлімінің архивисті

Қатысты жаңалықтар

Астана «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna халықаралық турнирін қабылдауға дайындалуда

Астана «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna халықаралық турнирін қабылдауға дайындалуда

21.07.2026
Сарқандық спортшылар Азия чемпионатында жүлделі болды

Сарқандық спортшылар Азия чемпионатында жүлделі болды

21.07.2026
Отандық автобус бренді пайда болады

Отандық автобус бренді пайда болады

21.07.2026
Дербес деректерді қорғау талаптары күшейеді

Дербес деректерді қорғау талаптары күшейеді

21.07.2026
Қазақстан 190 мың автокөлік шығаруды жоспарлап отыр

Қазақстан 190 мың автокөлік шығаруды жоспарлап отыр

21.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.