Талдықорған: +35°C
$ 469.59
€ 536.22
₽ 5.96
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қыстың қамын жаз ойла

21.07.2026
КҮНДЕРЕК
Қыстың қамын жаз ойла
WhatsAppTelegramFacebook

Жаркент өңірінде 43 367 гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Оның ішінде бидай – 167, арпа – 126, жүгері – 24 890 гектар. Бұдан басқа 715 гектар картоп, 554 гектар көкөністер, 363 гектар күнбағыс және 139 гектар бақша дақылдары бапталуда.

Егістіктердің өнімділігін арттыру мақсатында агротехникалық шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Бүгінге дейін 23 400 гектар алқапта арамшөптерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіліп, минералдық тыңайтқыштар сіңірілді. Сонымен қатар үйірсіз саяқ шегірткеге қарсы күрес шаралары да жоспарға сәйкес орындалуда. Жалпы көлемі 10 600 гектар жерүсті және авиациялық тәсілдер арқылы өңделді. Минералдық тыңайтқыштарға деген жалпы қажеттілік 14 600 тоннаны құраса, бүгінгі таңда оның 11 890,9 тоннасы ауданға жеткізіліп, шаруалар егістік жерлеріне пайдалануда.

Шілде айының алғашқы 10 күніне дейін жалпы егістік көлемінің 35 697 гектары немесе 82 пайызы суарылды. Қазіргі уақытта суару және егістікті күтіп-баптау жұмыстары белгіленген агротехникалық мерзімдерге сәйкес жалғасуда.

Өңір тұрғындарының төл дақылына айналған жүгерінің егіс көлемі биыл екі мың гектарға ұлғайып, жалпы 25 мың гектарға жуық жерге өсірілді. «Дала аруы» атанған бұл дақыл құнарлы топырақ пен жылуы мол күн нұрын және жетілгенше үздіксіз бабымен берілген суды қалайды. Сондықтан аудан егіншілері қазір жүгері суару жұмыстарымен тыңғылықты шұғылдануда.

Шілде айының алғашқы аптасына дейін жүгерінің алғашқы суы толық беріліп, 20 мың гектардан астам алқап екінші рет суарылып, 500 гектарға жуық егістігінің үшінші суару жұмыстары атқарылуда. Жүгері егістігін суару жұмыстары Үшарал, Үлкеншыған, Бірлік, Басқұншы және Атамекен ауылдық округтерінде қарқынды жүргізілуде.
«Дала аруы» пісіп жетілгенше технологиялық талаптарға сәйкес басқа да күтіп баптау шараларын мінсіз жүзеге асыруды талап етеді. Ең бастысы алқаптарға тиісті мөлшерде органикалық және минералды тыңайтқыштар сіңіру мен әртүрлі өсімдік ауруларына қарсы өңдеу жұмыстарын уақытылы атқару шарт. Қазір өңірде өсірілген барлық жүгері алқабына арамшөпке қарсы химиялық өңдеу жұмыстары толық жүргізілді. Сол сияқты шөптеу, тыңайтқыштар сіңіру шаралары 100 пайыз атқарылды.

Шаруашылықтар алдағы жүгері жинау науқанына техникасын сайлап, жанар-жағармайын дайындап, қырмандарын тазалап әзірліктерін пысықтауда. Осыдан біраз жыл бұрын Атамекен ауылындағы екі қырман бюджет қаржысына күрделі жөндеуден өткізілген болатын. Алдыңғы жылы Алмалы ауылындағы қырманды ағымдағы жөндеуден өткізуге бюджеттен 184,9 миллион теңге бөлініп, толық асфальтталып, астық қоймасы жаңарды. Халқы егіншілікпен шұғылданатын басқа ауылдық округтерде қырмандарды тазалап, алдағы жүгері жинау науқанына дайындалуда.

Панфилов ауданының диқандары биыл 300 гектарға жуық суармалы алқапқа масақты дақылдар өсірген болатын. Диқандар жүгері жинау науқаны басталғанға дейін өсірген арпа, бидайын жинап алмақ. Өнімділігі өңірдегі осы дақылдың өсу мүмкіндігіне қарай жаман емес. Арпа, бидайды өзгелерден мол өсірген Басқұншы, Талды, Сарбел ауылдық округтерінің егіншілері гектар өнімділігін аудан бойынша жоғарылайтынына сенімді.

Биыл аудан бойынша жалпы 554 гектардан астам алқапқа көкөніс, 200 гектарға жуық жерге бақша өнімдері өсірілген екен. Егіс көлемі жағынан аудан бойынша алда Үлкеншыған және Атамекен ауылдық округтерінің шаруалары тұр.

Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде бұрын тек жүгері өсіруге бейім жазиралы Жаркент өңірінің диқандары, енді біртіндеп бақша өнімдерінің егіс көлемін көбейтуге ден қойып отыр. Биыл Үлкеншыған округінде 62, Атамекен ауылында 24, Көктал округінде 19 гектарға бақша салып, диқандар жерлестерін жергілікті қауын, қарбызбен молынан қамтамасыз етпекші. Осылайша жазиралы Жаркент өңірінде көкөніс, бақша өсірушілер қатары көбейіп, олардан алынатын өнім де молығыпты. Нақты айтар болсақ, өткен жылы аудан бойынша жалпы 61 гектар алқапқа өсірілген қырыққабаттан 3861 тонна, 60 гектарға жуық сәбізден 10395 тонна, 29,5 гектар асханалық қызылшадан 9504 тонна өнім жиналған. Шаруалар өсірген қызанақ пен пияз да баршылық. Бұдан басқа 80 гектар жерге жүзім мен 3 гектар жаңғақ бағы бапталуда. Аудандағы бақтар мен 2 гектар жерге жайғастырылған асханалық қызылша да жақсы түсім беретіні алқап көркінен аңғарылады.

Осындай ұтымды бизнес жергілікті бапкер бағбандардың жерсіндірілген, халыққа таныс жеміс көшеттерін өсіруге құлшынысын арттырды. Қазір аудандағы бірнеше қожалық жеміс көшеттерін көз байлау арқылы теліту немесе қаламша арқылы будандастыру әдістерімен өсіріп, күзде, көктемде аудан тұрғындарына сатуды кәсіп етіп алған. Солардың қатарында Үлкеншыған округіндегі «Ахметов», Мәулен Кәрібаев, Ярмухамед Машуров, жаркенттік «Сайрамбеков», Атамекен округіне қарасты Ават ауылындағы Қайрат Аширов сияқты қожалықтар мен жеке кәсіпкерлер жергілікті тұрғындарға жақсы таныс. Олар жеміс-жидек көшеттерінің жерсіндірілген сұрыптарын шығарудың қыр-сырын жетік меңгерумен қатар өздері ауданда алма, өрік, шабдалы, алмұрт тағы басқа жеміс ағаштарының бағын жасап, жергілікті базарды отандық өніммен қамтамасыз етіп жүрген азаматтар.

Өңірде жалпы бес мың гектарға жуық жерде жеміс-жидек бағы бар. Аудандағы бұрынғы бақтардың бәрі дерлік тек алма сұрыптарын өсірсе, қазір басқа да жеміс түрлерін алқаптаған қожалықтар көбейді. Мысалы, Ават ауылындағы Қайрат Аширов шабдалы өсіруді қолға алған. Ал Айдарлы ауылдық округіндегі «Жаркент – фрукт» ЖШС жеміс ағаштарының түрлерінен алдыңғы қатарда. Мұнда 10 жылға жуық уақыттан бері 578 гектар жерге ергежейлі алма сұрыптары, 405 гектарға будандастырылған түрік алшасы, 74 гектарға шабдалы, 40 гектар алхоры және 13 гектар алқапқа алмұрт, жалпы 1110 гектар жерге жеміс ағаштарын өсіріп, тұрақты күтімнің нәтижесінде барлық жеміс ағаштары жыл сайын жайнап, жапырақ жайып, бұрынғы құлан иек құмды өңірге өң кіргізіп тұр.

Өңірдегі өзекті мәселенің бірі – қыс маусымына мал азығын дайындау. Ауданда соңғы жылдары төрт түлік саны еселеп өсті. Биыл аудан бойынша 180 мыңға жуық қой-ешкі, 98 мыңнан астам ірі қара, 26 мыңнан астам жылқы жайлауға шығарылды.

«Қамданған қапы қалмайды» дегендей биылғы мал қыстату және көктемгі төлдету кезеңіне қажетті мал азығын дайындауға шаруалар, ауыл тұрғындары белсене кірісіп жатыр. Өңірде қыс пен көктемгі мал төлдету науқанына жалпы шамамен 204,5 мың тонна шөп, 23600 тонна жоңышқа, 26,5 мың тонна сүрлем, 35,8 мың тонна сабан, 14 мың тонна пішендеме және 53,4 мың тонна жүгері жемін дайындауға болжам жасалған. Өңірде 18 мың гектардан астам көпжылдық шөп, 1,5 мың гектардан астам табиғи шабындақтар бар. Маусым айында 16 мың гектардағы жоңышқаның алғашқы орымы аяқталып, 80 тоннаға жуық өнім алынды. Шаруалар табиғи шабындықтарға да орақ салып, қыс маусымына мал азығының мол қорын топтау қамына кірісті.

Мырзағали НҰРСЕЙІТ
Панфилов ауданы

Қатысты жаңалықтар

Астана «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna халықаралық турнирін қабылдауға дайындалуда

Астана «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna халықаралық турнирін қабылдауға дайындалуда

21.07.2026
Сарқандық спортшылар Азия чемпионатында жүлделі болды

Сарқандық спортшылар Азия чемпионатында жүлделі болды

21.07.2026
Отандық автобус бренді пайда болады

Отандық автобус бренді пайда болады

21.07.2026
Дербес деректерді қорғау талаптары күшейеді

Дербес деректерді қорғау талаптары күшейеді

21.07.2026
Қазақстан 190 мың автокөлік шығаруды жоспарлап отыр

Қазақстан 190 мың автокөлік шығаруды жоспарлап отыр

21.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.