Астана қаласында 29 шілде мен 9 тамыз аралығында «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna халықаралық мультиспорттық турнирі өтеді. Әлемнің үздік киберспортшылары халықаралық клубтарға бірігіп, алдымен виртуалды ареналарда, содан кейін нақты паркетте, татами мен футбол алаңында бақ сынайды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Турнир қатысушыларының қатарында әлемдік спорт пен киберспорттың аңызына айналған командалар бар: Team Spirit, T1, Team Falcons, Boca Juniors, Valencia Basket, LGD.Pinghu, NOVAQ.
Турнирде Қазақстанның атынан 8 бағыт бойынша 11 команда өнер көрсетеді:
• Phygital Football UFL Presented by Samruk-Kazyna – ACF x Allur, UEL Team;
• Phygital Basketball Presented by Halyk Fund – GTB KZ, PBC Astana;
• Phygital Fighting Presented by Kazzinc – Future Nomads;
• MOBA Mobile MLBB Presented by FREEDOM – Rune Eaters;
• MOBA PC Dota 2 Presented by CenterCredit – Rune Eaters;
• Battle Royale: PUBG BATTLEGROUNDS Presented by Alatau City Bank – DIGA Esports;
• Phygital Shooter CS 2 Presented by Yandex GO – NOVAQ, TeamKZ;
• Phygital Dancing Presented by Solidcore Resources – Гүлназ Аманғали.
Ашылу салтанатының тікелей көрсетілімін «Жібек жолы», «Qazsport» және «Хабар» телеарналары ұсынады, осының арқасында «Болашақ ойындарының» басталуын бүкіл ел көрермендері тамашалай алады. Телекөрермендерді AI-графика, ауқымды LED-инсталляциялар, лазерлік және жарық эффектілері, роботтандырылған элементтер мен әсерлі сахналық қойылым күтеді.
Жарыстар елорданың төрт негізгі спорттық нысанында өтеді: Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешені, Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы, Beeline Arena ұлттық теннис орталығы, Барыс Арена көпбейінді мұз сарайы.
Кезеңдер күнтізбесі:
- Phygital Basketball Presented by Halyk Fund – 29 шілде-3 тамыз
• Battle Royale: PUBG BATTLEGROUNDS Presented by Alatau City Bank – 31 шілде-2 тамыз
• MOBA PC Dota 2 Presented by CenterCredit – 2-5 тамыз
• Phygital Shooter CS 2 Presented by Yandex GO – 4-8 тамыз
• Phygital Football UFL Presented by Samruk-Kazyna – 4-9 тамыз
• MOBA Mobile MLBB Presented by FREEDOM – 6-9 тамыз
• Phygital Dancing Presented by Solidcore Resources – 6-7 тамыз
• Phygital Fighting Presented by Kazzinc – 8 тамыз
Билеттерді сату ресми оператор Freedom Ticketon және Freedom SuperApp мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылады.





