Талдықорған: +35°C
$ 476.07
€ 541.86
₽ 6.08
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Мамандар миға ең зиян азық-түліктерді атады

25.07.2026
КҮНДЕРЕК
Мамандар миға ең зиян азық-түліктерді атады

magnific

WhatsAppTelegramFacebook

АҚШ-тағы Вирджиния политехникалық институтының ғалымдары ми жұмысына кері әсер ететін тағам түрлерін анықтады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Жаңа зерттеу нәтижесіне сәйкес, өңделген ет өнімдері мен тәтті сусындар адамның есте сақтау қабілеті мен назарын әлсірететін негізгі себептердің бірі. Мамандардың айтуынша, күнделікті рационда осындай тағамдардың шамалы мөлшерінің өзі болуы ми жасушаларына кері әсер етеді. Атап айтқанда, мұндай азық-түлік когнитивтік бұзылуларға, яғни деменция мен Альцгеймер ауруына шалдығу қаупін 15-20 пайызға дейін арттырады.

Ғалымдар 2014-2020 жылдар аралығында 55-60 жастан асқан 4 750 америкалықтың денсаулығын арнайы бақылаудан өткізді. Зерттеуге қатысқан әрбір азамат жад сапасын, назар аудару дәрежесін және ойлау жылдамдығын анықтайтын арнайы тестілерді тапсырды.

Ғалымдар жүргізген сараптама нәтижесі көңіл көншітпейді. Күніне бір рет болса да шұжық немесе сосиска сияқты өңделген ет жеген адамдарда когнитивтік бұзылу қаупі 17 пайызға жоғарылаған. Ал қант қосылған газдалған сусындар мен дайын шырындарды жиі тұтынатындарда бұл көрсеткіш 6 пайызды құрады.

Ғалымдардың пікірінше, ультраөңделген тағамдардың (джанк-фуд) ішінде миға ең үлкен соққы беретіні – консерванттары көп ет пен тәтті сусындар. Ал түрлі снэктер, тәттілер мен сүт өнімдерінің зияны олармен салыстырғанда төмендеу екені белгілі болды.

«Өзгертуге болатын нәрселер бар. Ең бастысы – шамадан тыс кетпеу және тамақтануда саналы таңдау жасау», – деді зерттеу авторларының бірі, профессор Бренда Дейви.

Қазіргі таңда дамыған елдерде тұрғындар сатып алатын өнімдердің 60-65 пайызы, ал сусындардың 35-38 пайызы ультраөңделген санатқа жатады. Мұндай өнімдердің құрамында үй тағамында кездеспейтін жасанды бояғыштар, хош иістендіргіштер мен түрлі химиялық қоспалар өте көп.

Ғалымдар бұл мәселеден шығудың тиімді жолы ретінде халықтың цифрлық және салауатты өмір салты сауаттылығын арттыруды ұсынады. Тұрғындарға дүкеннің дайын өнімдерінен бас тартып, үйде табиғи азық-түлікпен тамақ дайындауды үйрету маңызды.

«Диета ұстану – бір бөлек, ал дұрыс пісіруді білу – мүлде басқа нәрсе», – дейді зерттеуші Бен Кац.

Егер сіз де ми саулығын, ойдың айқындығын ұзақ жылдар бойы сақтағыңыз келсе, рационнан тәтті сусындар мен шұжық өнімдерін азайтып, орнына табиғи көкөністер мен таза суды көбірек тұтыныңыз. Денсаулыққа бүгіннен бастап күтім жасау – ертеңгі белсенді өмірдің кепілі!

Қатысты жаңалықтар

Оралханды оқыдыңыз ба?

Оралханды оқыдыңыз ба?

25.07.2026
Мамандар миға ең зиян азық-түліктерді атады

Мамандар миға ең зиян азық-түліктерді атады

25.07.2026
Жер тынысы – еңбекте

Жер тынысы – еңбекте

25.07.2026
Әлемнің жарығын сыйлаған

Әлемнің жарығын сыйлаған

25.07.2026
Алакөлге баруға 5 себеп

Алакөлге баруға 5 себеп

25.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.