Жаңа Конституцияның қабылдануы Қазақстанның саяси дамуы мен мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жолындағы маңызды белес болды. Негізгі заң елдегі демократиялық қағидаттарды нығайтып қана қоймай, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың жаңа тетіктерін қалыптастырды. Сонымен қатар цифрлық дәуірдің талаптарына сәйкес жеке деректердің қорғалуы, цифрлық құқықтар секілді жаңа бағыттар конституциялық деңгейде айқындалды.
Конституциялық реформалардың ең елеулі жаңалығы – Құрылтай институтының енгізілуі. Бұл мемлекет пен қоғам арасындағы өзара байланысты күшейтіп, халықтың пікірін мемлекеттік шешімдер қабылдау үдерісіне кеңінен қолдануға мүмкіндік береді. Осылайша қоғамдық мүддені ескеретін басқару мәдениеті қалыптасып, билік қызметінің ашықтығы мен жауапкершілігі арта түседі.
Жаңа Конституцияны әзірлеу барысында қоғамның әртүрлі тобының ұсыныстары ескерілді. Конституциялық комиссия жұмысына мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірге заңгерлер, ғалымдар, кәсіпкерлер, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, қоғамдық ұйым мүшелері және өзге де сарапшылар қатысты. Мұндай ашық талқылау негізгі заңның қоғамдық сұранысқа сай қалыптасуына және оның мазмұнының жан-жақты болуына ықпал етті.
Конституцияда заң үстемдігі, әділдік, жауапты мемлекеттік басқару және адам әлеуетін дамыту қағидаттарына ерекше басымдық берілген. Бұл қағидалар азаматтардың сапалы білім алып, кәсіби тұрғыдан дамуына, еңбек етуіне және өз мүмкіндігін толық жүзеге асыруына құқықтық негіз қалайды. Сондықтан алдағы уақытта қабылданатын заң мен мемлекеттік шешімнің барлығы осы конституциялық ұстанымдарға сүйеніп, халықтың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталуы қажет.
Құрылтай институтының құрылуы – еліміздің саяси жүйесін жетілдіруге бағытталған маңызды реформалардың бірі. Ол мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді арттырып, азаматтардың басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтеді. Мұндай өзгерістер елдің тұрақты дамуына, қоғамдық келісімді нығайтуға және Әділетті Қазақстан қағидаттарын іске асыруға берік негіз қалайды.
Светлана Мұқашева,
Сарқан аудандық
мәслихатының депутаты





