Талдықорған: +35°C
$ 477.17
€ 543.26
₽ 6.01
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Шипа ордасы жаңарады

30.07.2026
КҮНДЕРЕК
Шипа ордасы жаңарады

ЖИ

WhatsAppTelegramFacebook

Шалғайдағы ауыл үшін аурухана – адам өміріне араша түсетін, үміт сыйлайтын, тұрғындардың денсаулығын қорғайтын маңызды әлеуметтік нысан. Әсіресе аудан орталығынан қашық орналасқан елді мекендерде медициналық мекеменің жағдайы мен мүмкіндігі халықтың өмір сапасына тікелей әсер етеді. Сондықтан бүгінгі күні Сарқан ауданының Лепсі ауылдық ауруханасында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының маңызы ерекше.

Балқаш көліне жақын орналасқан Лепсі ауылындағы аурухана, тек өз тұрғындарына ғана емес, айналасындағы бірнеше елді мекенге медициналық қызмет көрсетеді. Олардың қатарында Көкжиде, Көктерек, Мұқан Төлебаев ауылдары мен алты теміржол разъезі бар. Кейбір елді мекендердің арақашықтығы ондаған шақырымды құрайды. Мәселен, Қаратас стансысы мен Лепсі ауылының арасы 70 шақырым болса, Мұқан Төлебаев ауылынан орталыққа дейінгі жол 56 шақырымға созылады. Осындай қашықтықтарды еңсеріп келетін тұрғындар үшін Лепсі ауруханасы – алғашқы әрі негізгі медициналық көмек көрсететін мекеме. Сондықтан бұл жердегі әрбір жаңалық, әрбір өзгеріс мыңдаған адамның игілігіне бағытталған деуге болады.

Аурухана меңгерушісі Жанар Мусина осыны ерекше атап өтті.

– Біз тек Лепсі ауылының тұрғындарына ғана емес, бірнеше елді мекеннің халқына қызмет көрсетеміз. Шалғай ауылдар мен разъездерден келетін науқас көп. Сондықтан медициналық көмектің сапалы әрі қолжетімді болуы – біздің басты міндетіміз, – дейді ол.

Бүгінде ауруханада 31 қызметкер еңбек етеді. Дәрігерлер, орта буын медицина қызметкерлері, кіші буын мамандары тәулік бойы тұрғындарға қызмет көрсетуде. Сонымен қатар мекеменің қарамағында екі «Жедел жәрдем» автокө-лігі бар. Бұл шалғай ауылдарға дер кезінде жетуге, ауыр науқастарды тасымалдауға және шұғыл көмек көрсетуге үлкен мүмкіндік береді.

Лепсі ауруханасының ғимараты соңғы рет 2009 жылы ағымдағы жөндеуден өткен. Арада өткен жылдар ғимараттың инженерлік жүйелерін де, ішкі құрылымын да жаңартуды қажет етті. Биыл көптен күткен күрделі жөндеу басталып, құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Қазір құрылыс алаңында 41 адам еңбек етуде. Ғимараттың ішкі бөліктері қайта жоспарланып, су және жылу жүйелері толық жаңартылып жатыр.

Ең бастысы – тұрғындардың денсаулығына тікелей әсер ететін бөлімдердің орналасуы қайта қаралған.

Жанар Мусина мұның барлығы ең алдымен науқастардың қауіпсіздігі үшін жасалып жатқанын айтады.

– Бұрын операциялық бөлім екінші қабатта орналасқан еді. Ауыр халдегі немесе жол апатынан жарақат алып түскен адамдарды жоғары қабатқа көтеру өте қиын болатын. Сондықтан операциялық блокты бірінші қабатқа көшіріп жатырмыз. Бұл – науқасқа да, дәрігерлерге де әлдеқайда қолайлы, – дейді аурухана басшысы. Дәл осындай өзгеріс рентген кабинетіне де енгізілген.

– Сынықпен немесе ауыр жарақатпен келген адамды екінші қабатқа көтерудің қаншалықты қиын екенін бәрі түсінеді. Сондықтан рентген кабинетін де бірінші қабатқа орналастырылып жатыр. Бұл уақытты үнемдеп қана қоймай, науқастың жағдайын одан әрі ауырлатпауға мүмкіндік береді, – дейді Жанар Мусина.

Күрделі жөндеу тек ғимараттың ішкі бөлігін жаңартумен шектелмейді. Құрылыс аяқталған соң аурухананың сыртқы келбеті де толық өзгереді. Учаске басшысы Жандос Тұрсынханның айтуынша, ішкі қабырғалардың барлығы жаңадан салынып жатыр.

– Қабырғаның барлығын ауыстырдық. Жұмыс аяқталғаннан кейін мекеме ауласы толық абаттандырылады. Ағаштар мен гүлдер отырғызылады, жаңа қоршау салынады. Тұрғындар жаңарған, заман талабына сай аурухананы пайдаланатын болады, – дейді ол.

Жоба екі кезең бойынша жүзеге асырылуда. Биыл күрделі жөндеуге 350 миллион теңге қарастырылса, келесі жылға 530 миллион теңге бөлу жоспарланған.

– Қажетті қаржы толық әрі уақытында бөлінсе, жұмысты жоспарланған мерзімнен де ертерек аяқтауға мүмкіндік бар, – дейді құрылысшылар.

Лепсі ауылдық ауруханасы – 10 орынды стационары бар медициналық мекеме. Мұнда науқастар ем қабылдайтын палаталармен қатар асхана да жұмыс істейді. Жөндеу аяқталғаннан кейін емделушілер үшін жайлы жағдай жасалып, медицина қызметкерлерінің еңбек етуіне қолайлы орта қалыптасады.

Лепсі – Балқаш көлінің жағасында орналасқандықтан, жаз мезгілінде мұнда демалушылардың қарасы көбейеді. Соған сәйкес төтенше жағдайлар да жиілейді. Жол-көлік оқиғалары, биіктен құлау, түрлі жарақат, судағы оқыс оқиғалар мен жылан шағу сияқты жағдайлар жиі тіркеледі. Осыған байланысты жаз айларында аурухана қосымша мамандармен күшейтіледі.

– Жаз кезінде жарақатпен келетін науқастар көбейеді. Сондықтан осы маусымда ауданнан қосымша травматолог пен хирург жіберіледі. Бұл жедел медициналық көмекті кешіктірмей көрсетуге мүмкіндік береді, – дейді Жанар Мусина.

Мемлекет басшысы ауылдық денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртуға ерекше назар аударып келеді. Соның нәтижесінде бүгінде шалғайдағы ауылдардың медицинасы жаңа деңгейге көтерілуде. Лепсі ауруханасындағы күрделі жөндеу – сол игі бастамалардың нақты жемісі.

Гүлжан ТҰРСЫН 

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентімен кездесу өткізді

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентімен кездесу өткізді

30.07.2026
Жаңа Конституцияны іске асыру мәселесі талқыланды

Жаңа Конституцияны іске асыру мәселесі талқыланды

30.07.2026
Төлегеннің соңғы өлеңі

Төлегеннің соңғы өлеңі

30.07.2026
Шипа ордасы жаңарады

Шипа ордасы жаңарады

30.07.2026
Сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталады

Қоғамдық сенім нығаяды

30.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.